Өндірістік учаске шебері (кабель шаруашылығы бойынша) — электр цехы, Өндірістік департамент, ТЭЦ-3

«Алматы электр станциялары» АҚ Өтеген батыр а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
71

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1.Ішкі орын ауыстыру кезінде ТМҚ-ның, негізгі құралдардың кірісі мен шығысын жүзеге асырады. Тауар-материалдық құндылықтарды сақтауға қабылдайды және босатады, қойма операцияларының есебін жүргізеді, белгіленген есептілікті жасайды, кіріс құжаттарының дұрыс ресімделуін және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

  • 2.Электр цехы қызметі шегінде өндірістік нұсқаулықтардың, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, сондай-ақ басқа да пайдалану, жөндеу және технологиялық құжаттаманың өзектілігін әзірлейді, келіседі және сақталуын бақылайды. Жабдықтың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға байланысты талдау жүргізеді және іс-шаралар әзірлейді. Дайындықты ұйымдастырады және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.

    3.Қызмет көрсетілетін жабдыққа қосалқы бөлшектер мен материалдарға өтінімдер дайындайды. Қоймада және бөлімшелерде түгендеу жүргізуге қатысады.

    4.Қажетті материалдарға, жабдыққа және қосалқы бөлшектерге өтінімдер мен тапсырыстарды уақытылы ұсынады, оларды жергілікті жерде дайындау үшін барлық шараларды қабылдайды. Электр жабдықтарын жөндеу кестелерін ақаулық ведомствосын (дефектация актілерін) жасай отырып құрастырады және жөндеуге шығаруға өтінімдерді уақытылы береді.

    5.Жөндеу персоналының жабдықтары мен жұмыс орындарына тұрақты айналып шығулар жүргізеді, персоналдың ережелер мен нұсқаулықтарды, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылайды. Станцияның қызмет көрсетілетін барлық электр жабдықтарының жұмысын бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

    6.Электр цехының жедел және технологиялық басқаруында әрі жүргізуінде тұрған барлық электр жабдықтарының қауіпсіз, сенімді және үнемді пайдаланылуын ұйымдастырады. Цехтың техникалық құжаттамасын жүргізуді ұйымдастырады, электр жабдықтарының істен шығу және авария себептерін талдайды, олардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді. Авариялардың және басқа да технологиялық бұзушылықтардың себептерін тергеу жөніндегі комиссия құрамында қатысады. Жөндеуден кейін электр жабдықтарын қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады және күрделі жөндеуден кейін электр жабдықтарын іске қосуды жүргізуге қатысады.

    7.Авариялардың және басқа да технологиялық бұзушылықтардың себептерін тергеу жөніндегі комиссия құрамында қатысады. Жөндеуден кейін электр жабдықтарын қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады және күрделі жөндеуден кейін электр жабдықтарын іске қосуды жүргізуге қатысады.

    8.Парақорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына, ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнамаға белгіленген талаптарды сақтау. Оларды сақтау мүмкін болмаған жағдайда дереу өзіңіздің тікелей басшыңызды хабардар етеді. Парақорлық құқық бұзушылығы жасалғаны немесе жасалуы жоспарланғаны туралы ақпарат анықталса немесе алынған жағдайда «Комплаенс» қызметіне немесе сенім телефонына жүгінеді.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында; энергетикалық ұйымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе орта техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында және энергетикалық ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі

Шарттар:

  • Әлеуметтік пакетінің болуы
  • Арнайы киім мен ҚҚҚ (жеке қорғану құралдарын) беру
  • Персоналды тасымалдау (жеткізу)

Қажетті қабілеттер

  • составление графиков ремонтов
  • знание энергетического оборудования электростанции