Турбиналық цехтың жылу пункті операторы, 3-разряд, Өндірістік департамент, ЖЭО-3
«Алматы электр станциялары» АҚ Өтеген батыр а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Міндеттері:
- жұмыс барысында сорғы жабдығының, өнеркәсіптік су алудың сорғы қондырғысының, сорғы 2 көтерілімінің, су қорына арналған бактардағы деңгейлердің, өртке арналған сыйымдылықтардың, градирнялардың қалыпты, сенімді және үздіксіз жұмысын, градирня желдеткіштерінің жұмысын, гидротехникалық құрылыстардың мұздану (мұздық) жағдайын, НВ-4,5,6 жұмысына, № 5,6 ұңғымаға бақылау жасауға міндетті.
- нұсқаулыққа, режимдер кестесіне, жедел талаптарға сәйкес жабдықтың ең үнемді және сенімді жұмыс режимін жүргізу.
- өлшеу-бақылау аспаптарының көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылау.
-
Градирняларда, су қорына арналған бактарда деңгейлер күрт төмендегенде, сорғылар мен градирня желдеткіштері авариялық тоқтаған кезде дереу ауысым бастығына және турбин машинисіне хабарлау.
- ауысым бастығының, аға машинистің; бу турбиналарының машинисінің өкімі бойынша сорғыларды іске қосу және тоқтату, сұлбалар бойынша ауыстырулар жүргізіледі; аға машинистпен немесе ауысым бастығымен бірге резервтік жабдықтың іске қосылуын (сынақтан өткізу) және оған ауысуды, сондай-ақ АВР мен сигнализацияның жұмысын сынақтан өткізу жүзеге асырылады.
- май картерлеріндегі май деңгейі қалыпты болуын және подшипниктердің қызбауын қадағалау, сорғылардың сальниктерінің жұмысын бақылау. Сальниктерді тарту (қатайту) кезінде қысымдардың (басулардың) қисаюына жол бермеу және сальниктің қызуын болдырмау.
- су қорына арналған бактардағы және өртке арналған бактардағы су көрсеткіш бағаналары бойынша судың деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау; деңгейдің номиналдан жоғары көтерілуіне жол бермеу және деңгейлердің авариялық деңгейлерден төмен түсуіне жол бермеу.
- сорғылардың, фланецті қосылыстар арматурасының жұмысын және күйін мезгіл-мезгіл тексеру.
-
Барлық ескертулерді ведомосқа (есептік тізімге) жазып, ауысым бастығына хабарлау. Вахта күшімен жойылуы мүмкін емес барлық ақаулар ауысым бастығындағы ақаулар журналына жазылуы тиіс.
- жұмыс орнын таза ұстау, жабдық пен алаңдарды күн сайын (әр ауысым сайын) жинастыру.
- берілген жабдықты және тиісті әдебиетті оқып, біліктілігін үздіксіз арттыру, сондай-ақ техникалық оқу бағыты бойынша сабақтарға тұрақты түрде қатысу.
- ішкі еңбек тәртібінің барлық ережелерін орындау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау; нұсқаулықтың талаптарын және барлық қолданыстағы өкімдер мен өртке қарсы ережелерді қатаң орындау.
- «Самұруқ-Энерго» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, ішкі құжаттардың, ISO 37001 стандарттарының және Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде белгіленген талаптарды сақтау; оларды сақтаудың мүмкін еместігі туралы дереу өзіңіздің тікелей басшыңызға хабарлау.
-
- нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жасалған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған жағдайда, Қоғам басшылығына, «Комплаенс» қызметіне дереу хабарлау немесе сенім телефонына (hot line) жүгіну; мүдделер қақтығысына жол бермеу.
Талаптар:
- Орта жалпы білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Шарттар:
- Әлеуметтік пакетінің болуы
- Арнайы киім мен ЖҚҚ (жеке қорғану құралдары) беру
- Персоналды тасымалдау (жеткізу)
Қажетті қабілеттер
- Знание оборудования ТЭС
Ұқсас вакансиялар
Химиялық талдау зертханашысы 4-разряд (уақытша), Химиялық цех, Өндірістік департамент ТЭЦ-3
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өтеген батыр а.
01.10.2026 | 321
Турбиналық жабдықтар бойынша обходшы-машинист, 5-разряд, ТЭЦ-3 өндірістік департаменті
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өтеген батыр а.
01.10.2026 | 243
ТЭЦ-3 өндірістік департаменті (көшірме) бу турбиналық жабдықтары бойынша 4-разрядты машинист-обходчик
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өтеген батыр а.
18.09.2026 | 1247