Халықаралық ынтымақтастық Департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Хаттар, анықтамалар, презентациялар, аналитикалық материалдар мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша есептерді дайындайды;
- Басшылықтың тапсырмасы бойынша шетелдік әріптестермен және мемлекеттік органдармен хат алмасуды жүргізеді;
- Департаментінің іс-шараларын, оның ішінде семинарларды, кездесулерді және сапарларды ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
- Халықаралық ынтымақтастық бойынша материалдарды дайындау үшін ақпаратты жинайды, жүйелейді және талдайды;
- Серіктестіктің шетелдік әріптестерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты қолдайды және дамытады;
- Қазақстан Республикасында АЭС салу жобасы бойынша өз құзыреті шегінде құжаттаманы дайындауға жәрдем көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігімен Қазақстандағы АЭС жобасын іске асыру шеңберіндегі құзыреті бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
- Серіктестіктің Бақылау кеңесінің қарауына шығарылатын материалдарды әзірлеуге қатысады;
- Атқарылған жұмыс туралы жазбаша есептер жасайды;
- Өз қызмет бағыты бойынша тікелей басшының тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
- Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі брлуы
-халықаралық іс-шараларға қатысу тәжірибесі;
Ағылшын тілін (C1 төмен емес) білуі; қосымша шет тілін білу артықшылық болып табылады;
Орыс және ағылшын тілдерінде ресми хаттар, анықтамалар мен презентациялар дайындау дағдылары.
Шарттар:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман