Кеңесші
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Атом электр станциясын салу жобасын және «ҚАЭС» ЖШС-нің өзге де стратегиялық жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Бас директор қызметіне сараптамалық-талдамалық және құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
- Бас директордың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша құқықтық қорытындыларды, талдамалық материалдарды, анықтамаларды және ұсыныстарды, сондай-ақ Компания қызметі үшін стратегиялық маңызы бар өзге де мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындайды.
- Бас директордың қарауына ұсынылатын шарттардың, келісімдердің, меморандумдардың, контрактілердің, оның ішінде халықаралық сипаттағы құжаттардың, сондай-ақ өзге де құжаттардың құқықтық талдауын жүргізеді және құқықтық тәуекелдерді барынша азайту жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
- Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде Бас директорға құқықтық қолдау көрсетеді, оның ішінде корпоративтік басқару, инвестициялық қызмет, халықаралық ынтымақтастық және атом электр станциясын салу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды.
- Бас директордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен, мердігерлермен, консультанттармен және өзге де мүдделі тараптармен келіссөздерге, кеңестерге және жұмыс кездесулеріне қатысады.
- Бас директордың қарауына шығарылатын мәселелер бойынша құқықтық ұстанымдарды дайындауды үйлестіреді, сондай-ақ тиісті материалдарды әзірлеу кезінде Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
- Бас директордың қарауына ұсынылатын ішкі нормативтік құжаттардың, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың және өзге де материалдардың жобаларын қарайды, олар бойынша сараптамалық қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды.
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық тәжірибенің және атом энергетикасы, инвестициялық қызмет, корпоративтік басқару, халықаралық ынтымақтастық және Компания қызметіне қатысты өзге де бағыттардағы үздік корпоративтік тәжірибелердің өзгерістеріне талдау жүргізеді және оларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
- Компаниядағы ішкі процестерді, корпоративтік басқаруды және басқарушылық шешімдер қабылдау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
- Компания қызметін сараптамалық-құқықтық сүйемелдеуге және стратегиялық жобаларды іске асыруға байланысты Бас директордың өзге де тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
- жоғары заңгерлік білімнің болуы;
- заңгерлік мамандығы бойынша кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде заңгерлік бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- инвестициялық, инфрақұрылымдық немесе өнеркәсіптік жобаларды құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі;
- мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, халықаралық ұйымдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
- корпоративтік басқару, азаматтық, әкімшілік, еңбек және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы мәселелері бойынша құқықтық қорытындыларды, талдамалық материалдарды және сараптамалық ұсынымдарды дайындау тәжірибесі;
- келіссөздерді құқықтық сүйемелдеу, шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды, оның ішінде шетелдік контрагенттермен жасалатын құжаттарды дайындау және құқықтық талдау тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
- Жұмыс шарттары:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман