Жетекші (сүйемелдеу) менеджері, Бұлтты сервистер сату департаменті
ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) Департаменттің жобалар бойынша менеджерлерінентүсетін кіріс шарттарын және оларға байланысты шығыс шарттарын келісу, қабылдау, сондай-ақ оларды жасалған сәттен бастап
берілген шарттар бойынша талаптар толық орындалғанға дейін кейіннен сүйемелдеу;
2) орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілерін қалыптастыру және ұсыну;
3) тапсырыс берушіге
бағытталған қайтарымды қаржылық құжаттар мен есептерді бақылау және жүзеге асыру;
4) сүйемелденетін шығыс шарттары бойынша бақылау және уақытылы төлеуді жүзеге асыру;
5) тапсырыс берушілерге ақпараттандыру және консультациялық-анықтамалық қызметтер көрсету,
сүйемелденетін шарттар бойынша коммерциялық ұсыныстарды дайындау және тарату;
6) сүйемелденетін шарттар бойынша кірістер жоспарын орындау;
7) тапсырыс берушілерден ағымдағы дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүргізу;
8) тапсырыс берушілердің
сұрау хаттарына және хаттарына жедел ден қою және кері байланыс ұсыну;
9) шарттарға қатысты есептерді және басқа да ілеспе құжаттарды қалыптастыру және уақытылы ұсыну;
10) тапсырыс берушілердің өтініштерін қарастыру, жауаптарды дайындау және
претензиялық өтініштерді бейтараптандыру бойынша шаралар қабылдау;
11) Товариществоның техникалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау,
қосылуға өтінімдерді қанағаттандыру, тұтынылатын қызмет көлемдерін өзгерту бөлігінде;
12) қызмет көрсетудің үздіксіздігіне әсер ететін әртүрлі жұмыс түрлерін (жоспарлы,
жоспардан тыс, авариялық) уақытылы хабарлау және келісу.
13) тапсырыс берушілерге қызмет көрсетуге әсер ететін инциденттерге жедел ден қою,
және оларды жауапты қызметкерлерге жеткізу және орындату;
Талаптар:
Кандидат:- жоғары техникалық немесе экономикалық білімге ие болуы және
телекоммуникация және/немесе ақпараттық технологиялар саласында жұмыс өтілі болуы немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
- осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті көлемде қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды, Microsoft Office пакетін (Word,
Excel, Vision, Power Point) білуі тиіс;
- бұлтты қызметтерді ұсыну және ДҚО (ЦОД) бөлігіндегі ақпараттық технологияларды білуі және түсінуі тиіс.
- мемлекеттік сатып алу порталдарында goszakup.gov.kz және zakup.sk.kz арқылы қаржылық құжаттарды ресімдеу рәсімдерін білуі, оның ішінде орындалған жұмыстар актілерін, электрондық шот-фактураларды (қажет болған жағдайда), төлем шоттарын және шарттарды орындау шеңберіндегі басқа да құжаттарды қалыптастыруды білуі тиіс.
- CRM Bitrix-пен жұмыс істеу/
Тілдерді білу:
Қазақ тілі - еркін меңгеру,
Орыс тілі - еркін меңгеру,
Ағылшын тілі - С2 деңгейінен төмен емес.
Бұрын Қор ішінде немесе Қазақстанның IT нарығында жұмыс істеген кандидаттарға артықшылық беріледі.
Жоғары техникалық немесе экономикалық білімге ие болуы және
телекоммуникация және/немесе ақпараттық технологиялар саласында жұмыс өтілі болуы немесе мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Компьютерді жетік пайдаланушы
Шарттар:
Жұмыс кестесі: 09:00 - 18:30 сағ.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр