"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Өндірістік-техникалық қызметінің Перспективалық даму тобының жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
56

   Конкурс туралы

Біліктілік талаптары

 

Білім деңгейі

Жоғары

Диплом бойынша мамандығы (бейіні)

Техникалық

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары және/немесе электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесінің ұзақтығы

Кемінде 5 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесінің ұзақтығы

 

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті дағдылар

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды және талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (электр қауіпсіздігі бойынша II біліктілік тобына сәйкес), сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

Дербес компьютерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс (MS Office: Word, Excel, Access, PowerPoint). Қазақ және орыс тілдерін, ағылшын тілін (құпталады) меңгеруі тиіс.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • Филиалдың жер учаскелерін пайдалану құқығына қатысты құжаттарды тіркеу мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ХҚКО) өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
  • Филиалдың жер учаскелеріне, ғимараттары мен құрылыстарына құқық белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдеу.
  • Филиалдың жер учаскелеріне меншік құқығын (жер пайдалану құқығын) куәландыратын актілердің түпнұсқаларын, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың техникалық паспорттарын есепке алуды және сақталуын қамтамасыз ету.
  • Электр энергетикасы объектілерін ҰЭТ-на қосу мүмкіндігі туралы сұрау салулар бойынша ҰЭТ-на технологиялық қосу департаменті үшін филиалдың ұсыныстары мен ұсынымдарына қатысты ақпаратты жинау, пысықтау және жауаптарын дайындау.
  • Келіп түскен қуат беру схемаларын келісуге қарау, филиал қызметтерінің ескертулерін жинақтау және ҰЭТ-на технологиялық қосу департаменті үшін шоғырландырылған жауап дайындау.
  • Келіп түскен жобалау-сметалық құжаттаманы келісуге қарау, филиал қызметтерінің ескертулерін жинақтау және ҰЭТ-на технологиялық қосу департаменті үшін шоғырландырылған жауап дайындау.
  • Филиалдың ғимараттары мен құрылыстары бойынша пайдалану жұмыстарының жыл сайынғы жоспар-есебін қалыптастыру үшін ақпарат жинау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)