АСУТП және КИП басқару бөлімінің инженері — АСУТП және МО цифрландыру дирекциясы (негізгі қызметкер болмаған кезеңге)

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
164

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1)             перспективалық жоспарларды әзірлеу кезінде (Бизнес-жоспар, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) салынып жатқан және қайта жаңартылатын магистральдық құбырлар объектілеріне арналған техникалық-экономикалық негіздемелер) келіп түскен өтінімдерді қарау, талдау және жинақтау, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің (бұдан әрі – АСУТП) кешені техникалық және бағдарламалық құралдар (бұдан әрі – КТжБҚ) бөлігінде, оның ішінде Бөлімшенің бюджетіндегі шығыс бөлігі бойынша келіп түскен өтінімдерді талдау және жинақтау;

    2)         сатып алулар туралы құжаттама жобасын әзірлеу, онда сатып алынатын ТМҚ-ға техникалық спецификация, техникалық және өзге де талаптар, әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар қамтылуы, кейіннен жүргізілген сатып алулар бойынша қорытындыны қарау, талдау, дайындаумен аяқталуы;);

    3)     КТжБҚ АСУТП және КИПиА бөлігінде шарттарды әкімшілендіру (орындалуын мониторингтеу, туындайтын мәселелерді келісу, төлемдерді жүргізу және т.б.);

    4)     әзірленетін жобалау-сметалық құжаттаманың техникалық шешімдерін қарау және талдау, ескертпелерді қалыптастыруға қатысу, жобалау-сметалық құжаттама бойынша қорытынды дайындау;

    5)     жинау, талдау, келісімдерді жолдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесіне сәйкес айға арналған жұмыс жоспарларын және орындалған жұмыстар туралы есептерді келісу кезінде жұмыстардың орындалуын мониторингтеу;

    6)     Құрылым шеңберінде Бөлімшенің бюджетіндегі шығыс бөлігі бойынша келіп түскен өтінімдерді қарау, талдау және жинақтау;

    7)     АСУТП құралдары мен жүйелерінің істен шығуына, аварияға қарсы қорғанысқа, күзет-өрт дабылы сигнализациясына, автоматты өрт дабылы сигнализациясына және электрмен басқаруға, газ дабылына қатысты өтінімдерді жинау, талдау; іс-шараларды қалыптастыру және олардың орындалуын мониторингтеу;

    8)     тауарлы-материалдық қорларды сатып алуға арналған өтінімдерді жинау, талдау; жөндеу-пайдалану қажеттіліктері үшін қажетті жиынтық өтінімді қалыптастыру, оның ішінде авариялық қорды қалыптастыру;

    9)     КТжБҚ АСУТП техникалық сүйемелдеуі үшін мамандарды оқытуға қатысты өтінімдерді жинау, талдау;

    10) құжаттаманы өзектендіру, Бөлімше шеңберінде техникалық минимум бойынша жабдықты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;

    11)   оған тікелей басшысымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

     

Талаптар:

  • технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (бұдан әрі – АСУТП), диспетчерлік бақылау және басқару жүйелері (бұдан әрі – СДБҚ), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (бұдан әрі - КИПиА);
  • мұнай тасымалдау технологиялық процестеріи;
  • өрттің автоматты дабыл сигнализациясы және электрмен басқару жүйелері;
  • құбырларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру және пайдалануын реттейтін нормативтік құжаттар;
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
  • менеджмент жүйелері;

Шарттар:

бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен — сенбі және жексенбі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Қауіпсіздік техникасы