Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Аймақтық диспетчерлік орталықтың инженері (уақытша)

332 800 - 332 800 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
197

   Конкурс туралы
Міндеттері:

- іс қағаздарын жүргізеді;

- АДО жедел-техникалық құжаттамасын жасау, ресімдеу, жүргізу және мұрағатқа тапсыру бойынша техникалық жұмысты орындайды;

- орындалатын жұмысқа сәйкес директивалық материалдардың, қағидалардың, нұсқаулықтардың, басшылық өкімдерінің барлық қажетті талаптарын орындайды;

- "System Analysis and program Development Human Capital Management" адам ресурстарын басқару – "Human Resources" модулі (бұдан әрі – SAP НR) "автоматтандырылған басқару жүйесінде" АДО персоналының жұмыс уақытын есепке алу табелін қалыптастыра отырып жүргізеді;  

- "SAP НR" - де АДО персоналының іссапар куәліктерін ресімдейді.

- "Бақылаудағы" құжаттардың орындалуын есепке алуын жүргізеді;

- филиал бойынша бұйрықтармен белгіленген іс-шаралар, пысықтаулар, нұсқамалар бойынша филиал басшылығына және еңбекті қорғау  және сенімділік қызметіне есептік құжаттарды дайындайды;

- алдағы жылға арналған кірістер мен шығыстардың бюджетін қалыптастыру кезінде филиалдың ЖЭБ-не (жоспарлы экономикалық бөлім) АДО-ға бекітілген қызметтер есебін ұсынады және "system Analysis and Program Development Enterprise Resource Planning" "кәсіпорынды басқару жүйесі" - "SAP Controlling" модулінде "автоматтандырылған басқару жүйесінде" өтінімдер қалыптастырады;

- қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес құжаттарды орындау бойынша жұмысты орындайды;
- РДЦ медициналық алшағындағы дәрілік заттардың болуын және жарамдылық мерзімін, мерзімі өткен дәрілік заттардың уақтылы ауыстырылуын және пайдаланылған дәрілік заттардың толықтырылуын қадағалайды;
- еңбекті қорғау талаптарын сақтайды;
- жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытудан, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан, жұмыс орнындағы тағылымдамадан және білімді тексеруден өтеді;
- өндірістегі жазатайым оқиғалар, жедел кәсіптік аурулар кезінде жедел жәрдемді дереу шақыруды ұйымдастырады;
- міндетті алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезінде) медициналық қарап-тексеруден өтеді;
- РДЦ персоналымен болған өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы өз тікелей немесе жоғары басшысына уақтылы хабарлайды.

Талаптар:
Білім деңгейі - Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электрэнергетика, жылу энергетикасы;

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - Жұмыс тәжірбиесіне қойылатын талаптар жоқ.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы