«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Ақтөбе жол дистанциясының №2 өндірістік учаскесі жол учаскесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Барлық теміржол жолдары мен бағыттамалы бұрмаларды, оның ішінде бағыттама механизмдерін шаблон және деңгейлегіш арқылы жол табанын тексере отырып аспаптық тексеруден өткізеді, сондай-ақ барлық инженерлік құрылыстарды, жер төсемін, жол құрылғыларын қарайды, қызмет көрсететін учаскедегі бағыттамалы бұрмалардың металл бөліктерінің тозу өлшемдерін жүргізеді.
- Түйіспесіз жолдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап береді, түйіспесіз жолдың рельс тізбектерінің және теңестіру аралықтарының жай-күйіне, жолдың жылжып кетуден бекітілуіне бақылау мен есеп жүргізеді, түйіспесіз жолдың рельс тізбектерін жаппай тексеру барысында анықталған ақаулардың уақтылы жойылуын қамтамасыз етеді.
- Нөсер жаңбыр кезінде, көктемгі және нөсер сулары өткен кезеңде, жердің ісінуі мен шөгуі кезінде, ауа температурасы өте төмен немесе өте жоғары болған жағдайда, сондай-ақ жолдың жай-күйіне байланысты пойыздар қозғалысына жылдамдық шектеуі енгізілген учаскелерде теміржол жолын, жер төсемін және инженерлік құрылыстарды қарап, тексереді.
- Өндіріс көлемі бойынша өндірістік тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын, жабдықты ұтымды жүктеу және оның техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану негізінде еңбек өнімділігін арттыруды, еңбек сыйымдылығын төмендетуді, жабдықтың ауысымдық пайдалану коэффициентін арттыруды, шикізатты, материалдарды, отынды және энергияны үнемді пайдалануды, сондай-ақ өндірістік шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.
- Өзіне бекітілген учаскеде орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді, жұмыста ақаулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
- Бригадалардың және теміржол жолын қараушылардың жұмысын ұйымдастырады, өндірістік учаске бригадалары мен жол колонналары орындаған жол жұмыстарының сапасын тексереді.
- Жол бригадаларының желідегі жұмысын тексереді, сондай-ақ жол шеберлері мен жол бригадирлерінің ПУ-28, ПУ-29 өлшеу кітаптарын дұрыс жүргізуі мен толтыруына бақылау жасайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Жүк көтергіш-көліктік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман