Алматы қаласы бойынша Республикалық арнайы пошта байланыс қызметінің бас маманы
"Қазпошта" АҚ "Республикалық Арнаулы байланыс қызметі" филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
- Бюджеттеу департаментінен (бұдан әрі – БД) алынған жоспарланатын жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған, Орталық аппараттың қаржылық жауапкершілік орталықтарымен (бұдан әрі – ҚЖО) келісілген функционалдық кірістер мен шығыстар бюджеттерінің жобаларына сараптама жүргізу және филиал бойынша жиынтық кірістер мен шығыстар бюджетін жасау;
- Филиалдың кірістер мен шығыстар бюджетінің деректерін «Hyperion Planning» бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне (бұдан әрі – НР БҚ) енгізу;
- Филиалдың жиынтық кірістер мен шығыстар бюджетін есептеулермен, түсіндірме жазбамен және ашып көрсетулермен бірге «Қазпошта» АҚ-ның кірістер мен шығыстар бюджеті бойынша бюджеттеу, талдау, болжау және орындалуын мониторингтеу әдістемесінің (бұдан әрі – Бюджеттеу әдістемесі) талаптарына сәйкес БД-ға ұсыну;
- НР БҚ жүйесіне енгізілген филиалдың кірістер мен шығыстар бюджетіне ҚЖО-мен бірлесіп сараптама жүргізу. Өзгерістер болған жағдайда, түзетілген деректерді НР БҚ жүйесіне енгізу және ҚЖО ескертулерін ескере отырып жаңартылған жиынтық кірістер мен шығыстар бюджетін БД-ға ұсыну;
- БД-дан операциялық төлемдер жоспарын (касса) және Қоғам Басқармасы бекіткен филиалдың есептеу әдісі бойынша кірістер мен шығыстар бюджетін алу;
- Құрылымдық бөлімшелер ұсынған деректерге сәйкес кірістер мен шығыстар бюджетін бекіту және орындау үшін облыстық/қалалық арнайы байланыс қызметтеріне (бұдан әрі – АБҚ) жеткізу;
- Филиалдың жауапты құрылымдық бөлімшелері ұсынған сатып алу жоспарының филиалдың бекітілген бюджетіне сәйкестігін келісу;
- Филиалдың ішкі талаптарына сәйкес кірістер мен шығыстар бюджетін түзетуге арналған өтінімдерді құрылымдық бөлімшелерден қабылдау;
- Құрылымдық бөлімшелер ұсынған материалдарға сараптама және талдау жүргізу, сондай-ақ бюджеттік сыныптама кодын (бұдан әрі – БСК) айқындау;
- Бюджеттеу әдістемесінің талаптарына сәйкес негіздемелер мен қосымшаларды қоса бере отырып, филиалдың кірістер мен шығыстар бюджетін түзету жобаларын дайындау және келісу үшін БД мен тиісті ҚЖО-ларға жолдау;
- Бекітілген түзетулерді филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу;
- Жалпы филиал бойынша және АБҚ бөлінісінде кірістер мен шығыстар бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы есепті (факторлық талдау) дайындау;
- Жалпы филиал бойынша және АБҚ бөлінісінде кірістер мен шығыстар бюджетінің орындалуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы филиал басшылығына жедел ақпарат дайындау;
- Филиалдың кассалық және есептеу әдісі бойынша кірістер мен шығыстар бюджеттері арасында ай сайын салыстырмалы талдау жүргізу;
- Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес АБҚ бөлінісінде пошта байланысы бөлімшелерінің рентабельділігін жинақтау және есептеу;
- Бекітілген филиал бюджеті шегінде бюджеттік сыныптама кодын (БСК) күн сайын беру;
- Ағымдағы шығындардың кассалық бюджетінің орындалуына күн сайын бақылау жүргізу;
- Бөлек есеп жүргізу шеңберінде уақтылы және дұрыс деректерді ұсыну;
- Қызмет түрлері бөлінісінде желінің рентабельділігі туралы ұсынылған деректерге талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарын сақтау және орындау;
- Филиалда құпиялылық режимін қамтамасыз ету және сақтау;
- Телефондарды есептеу техникасы құралдарына қосуға, флэш-жинақтауыштарды пайдалануға, құжаттарды көшіруге, фото және бейнетүсірілім жүргізуге байланысты талаптарды сақтау үшін дербес жауапкершілік көтеру.
Ұқсас вакансиялар
Экономист
«KMG EP-Catering» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
21.08.2026 | 284
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалдары» филиалының жолаушылар тасымалына қызмет көрсету көпфункционалды орталығы департаментінің халықаралық және басқарушылық есептілік жөніндегі менеджері
Филиал "Пригородные перевозки" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.08.2026 | 78
от 501 233
Семізбай кенішінің инженер-экономисті (уақытша)
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 184