Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
986

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Біліктілікке қойылатын талаптар:
- білімі-тиісті мамандық бойынша жоғары (техникалық) және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
БЖК бастығының куәлігі болуы тиіс:
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының білімін тексеру туралы;
атқаратын лауазымы бойынша еңбекті қорғау мәселелерін білуін тексеру туралы.
өрт-техникалық минимум бойынша білімді тексеру туралы.


Лауазымдық міндеттері:
- күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуді, күрделі құрылыстың барлық объектілеріне титулдық тізімдер, құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімдер жасауды ұйымдастырады;
- рұқсат құжаттарын (жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды, қоршаған ортаны қорғауға қатысты рұқсаттарды және басқаларды)алу;
- кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға және реконструкциялауға қаражаттың бірінші кезектегі бағытын жүзеге асыра отырып, күрделі салымдарды жүзеге асыру үшін қаржы қаражатын мақсатты және ұтымды пайдалануды және олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;
- сатып алу рәсімдерін жоспарлау мен өткізуді және мердігер ұйымдармен шарттар жасасуды ұйымдастырады;
- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты (құжаттарды) дайындауды ұйымдастырады;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерінің қорытындысын шығару (тендерлік құжаттамаға және баға қосымшаларына талдау жүргізу және т. б.);
-құрылыс-монтаждау жұмыстарына, қызметтер көрсетуге және тауарларды жеткізуге шарттар жасасуды уақтылы дайындау бойынша қатысу;
-мердігерлік ұйымдардың қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

Қажетті қабілеттер

  • - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении;
  • - Наставничество и работа в коллективе

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)