Жобаларды басқару жөніндегі бас менеджер
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Алғашқы жобалық құжаттарды дайындау процесін бастайды, негіздеме, жобаның негізгі кезеңдерінің сипаттамасы, жекелеген кезеңдерді орындау мерзімдерін дайындайды. Осы мәселелер бойынша бас компаниямен өзара іс-қимыл жасайды;
- жобалық қызметке байланысты мәселелер бойынша сыртқы бақылаушы органдармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен, ресми хат алмасуды жүргізеді және өзара іс-қимыл жасайды;
- жоғары тұрған ұйымдар мен сараптама органдарында, сондай-ақ тыңдауларда жобалық құжаттаманы келісу және қорғауға дайындау процесін ұйымдастырады;
- жобаны жоспарлау/іске асыру барысында тәуекелдерді анықтау және талдау жүргізеді, оларды жою/минимизациялау бойынша түзетуші іс-шараларды әзірлеу жұмысына бастамашылық етеді;
- жобаны жоспарлау/іске асыру барысында есептік және атқарушылық құжаттаманың уақтылы қалыптастырылуын қамтамасыз етеді: Басшылық, басқарушы компания және басқа да сыртқы мүдделі тұлғалар үшін;
- «Үздіксіз жетілдіру процесі» шеңберінде өндірістік және өндірістік емес процестерді жақсартуға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлейді, ұйымдастырады және енгізілуін бақылайды;
- кәсіпорын қызметкерлері қатарынан құрылған шағын бастамашыл топтардың (МИГ) қалыптастыру, әдістемелік сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуін бақылау процесін ұйымдастырады;
- «Үздіксіз жетілдіру процесін» іске асыру кезінде қолданылатын негізгі әдістерге, тәсілдерге және құралдарға (Кайдзен, 5S, Lean, PDCA және т. б.) тәжірибе алмасу және мақсатты оқыту арқылы кәсіпорын қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту процесін қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Энергетика секторы кәсіпорындарында кемінде 7 (жеті) жыл жұмыс өтілі
- Жоғары техникалық білім;
- «Өндірісті үздіксіз жетілдіру» саласында мамандандырылған оқыту (Кайдзен, үнемді өндіріс және т. б.);
- «ISO халықаралық стандарттарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесі» бойынша оқыту.
- ДК-мен тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу;
- MS Office отбасы өнімдерін қолдану тәжірибесі, әсіресе MS Excel (күрделі формулаларды жазу, шартты форматтау, VBA және т. б.);
- 1С: ERP, 1С: Құжат айналымы бағдарламаларында жұмыс істеу дағдысы.
- кәсіпорын өндіретін өнімді/қызмет көрсетуді жүзеге асырудағы мамандану, технологиялық құрылымның негізгі элементтері және негізгі технологиялық процестер туралы білім;
- процестерге қойылатын негізгі кезеңдер мен талаптарды білу: бастамалау, негіздемелерді дайындау және жобаны кәсіпорынның даму жоспарына енгізу;
- жобаларды басқару процесін ұйымдастыру негіздерін білу. Жобаларды басқару үшін қолданылатын негізгі бағдарламалық өнімдер.
- техникалық тапсырмаларды қалыптастыру дағдылары, мердігер ұйымдармен шарттарды жүргізу (курировать), бастапқы рұқсат беру құжаттамасын, жобалық-сметалық және атқарушылық техникалық құжаттаманы талдау;
- кәсіпорынның бизнес-процестерін автоматтандыру және цифрландыру саласында практикалық тәжірибенің болуы.
Шарттар:
- 8.00-ден 17.00-ге дейін, 12.00-ден 13.00-ге дейін түскі үзіліспен, бес күндік жұмыс аптасы
- Толық әлеуметтік пакет
- Қызметтік автобус
Қажетті қабілеттер
- - Разработка и согласование проектной документации;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Жанаөзен аудандық газ шаруашылығының технигі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Жаңаөзен қ.
31.07.2026 | 3829
Жанаозен аудандық газ шаруашылығының желі аралаушы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Жаңаөзен қ.
31.07.2026 | 5875
Электрослесарь электр станциясының электр жабдықтарын жөндеу бойынша, электр машиналары цехының электр қуатын пайдалану және жөндеу тобы.
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
31.07.2026 | 1482