Лауазымдық жауапкершілік:
1. Ішкі бақылау жүйесінің (бұдан әрі-ІБЖ) жұмыс істеуі, олардың функционалдық бағыты шеңберінде құжаттаманы қалыптастыру және жаңарту мәселелерінде процестер иелері мен қатысушыларына өз құзыреті саласында әдіснамалық қолдау көрсету.
2. ІБЖ жұмыс істеуін реттейтін әдіснамалық базаны әзірлеу және өзектендіру.
3. ІБЖ жұмыс істеу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеу.
4. «ҮМЗ» АҚ ІБЖ жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және тәуекелдерді басқару жөніндегі тоқсандық есеп шеңберінде «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесіне бекітуге ұсыну, оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру және ІБЖ жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қалыптастыру.
5. Процесс Классификаторын қалыптастыру және жаңарту.
6. Жұмыс көлемін анықтау және маңызды процестерді тестілеу жоспарын қалыптастыру.
7. Негізгі бақылау (бұдан әрі-НБ) іс-шаралары/рәсімдер тиімділігін тестілеу процестерінің иелерімен/қатысушыларымен бірлесіп өткізу, тестілеу барысында анықталған кемшіліктер туралы процестердің иелеріне/қатысушыларына хабар беру және тестілеу нәтижелері бойынша НБ кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру.
8. НБ кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және НБ кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті ІБЖ дамуы (жай-күйі) туралы жылдық есеп шеңберінде Қоғам Басқармасының қарауына ұсыну.
9. ІБЖ дамуы (жай-күйі) туралы жылдық есепті қалыптастыру.және оны «ҮМЗ» АҚ Басқармасының қарауына ұсыну.
10. Бағалау процесін регламенттейтін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұсынған құжатқа сәйкес қоғамның ІБЖ даму диагностикасын жүргізу.
Білім:
Экономика немесе менеджмент немесе бухгалтерлік есеп немесе аудит мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі біліміДағдылар:
Маман: ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарды пайдаланушы деңгейінде меңгере білу.
1, 2-санатты маман: ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгере білу, «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есепке алу-ақпараттық жүйеде жұмыс істей білу дағдылары.
Жетекші маман: ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру, «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есепке алу-ақпараттық жүйеде жұмыс істей білу; іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары
Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: Маман: 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеге дейін
2-санатты маман: 276 528 теңгеден бастап 483 648 теңгеге дейін
1-санатты маман: 304 180 теңгеден бастап 532 013 теңгеге дейін
Жетекші маман: 387 339 теңгеден бастап 592 881 теңгеге дейін
Білетін тілдер:
-