Күзеттің техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі инженер 0,5 бірліктегі, күзеттің техникалық құралдары және кіруді басқару бойынша инженер – жүйе технигі 0,5 бірліктегі (санаты жоқ)

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
686

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

­ Күзет техникалық құралдарының (бұдан әрі – КТҚ) жабдықтарына, кіруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне, периметрді күзетудің техникалық құралдары кешеніне, телевизиялық бақылау жүйесіне (бұдан әрі – КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ) тиісті техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеумен тікелей айналысуды, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес оның жарамды жай-күйін қамтамасыз етеді. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарының жұмысына тұрақты түрде талдау жүргізеді және қажет болған жағдайда жалған іске қосылулардың ақаулықтары мен себептерін жою бойынша жұмыстарды уақтылы ұйымдастырады. ­ Учаскеге жаңадан келіп түсетін ТКҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеруге қатысады (оның ішінде бөлімше қоймасына түскен кезде). ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге, материалдар мен құралдарға қажеттілікті айқындайды және тікелей басшыға шығындарды уақтылы жоспарлау және есепке алу үшін қажетті осы деректер мен басқа да құжаттарды уақтылы ұсынады. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жұмыстардың еңбек сыйымдылығын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар береді (оның ішінде жаңғыртудың перспективалық жоспарларын ескере отырып). ­ Орнатылған КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарының жобалық және басқа да құжаттамаларын зерделейді. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қажетті құжаттаманы уақтылы және дұрыс жасайды және толтырады. ­ Қолданыстағы немесе жаңадан енгізілетін күзет және физикалық қорғау техникалық құралдарын жетілдіру бойынша техникалық және техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді, техникалық талаптарды немесе жобалауға тапсырмаларды уақтылы (өз құзыреті саласында) әзірлейді. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды (жадынамаларды) әзірлейді. ­ КТҚ, КБАЖ, ПКТҚК, ТБЖ жабдықтарын тексеруге және істен шығаруды құжаттық ресімдеуге қатысады.

Білім:

Санаты жоқ КТҚ пайдалану жөніндегі инженер - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта техникалық және кәсіптік; Санаты жоқ КТҚ және КБ инженер-жүйе технигі – тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/жалпы орта техникалық және кәсіптік

Дағдылар:

Санаты жоқ КТҚ пайдалану жөніндегі инженер - ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдалану деңгейінде білуі. Инженер-жүйе технигі КТҚ және КБ санаты жоқ - ДЭЕМ; операциялық жүйелерді, бағдарламалық кешендерді орнату және теңшеу; желілік жабдықтарды баптау; нарықта жабдықтардың, жаңа технологиялардың, қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуын қадағалау.

Қосымша:

131 338 теңгеден бастап 249 542 теңге дейін

Білетін тілдер:

Талап етілмейді