Астана қ. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының жобалау-сметалық бюросының жобаның бас инженері
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттері:
1) Объектіні жобалау кезінде жобалау-іздестіру жұмыстарын техникалық басқаруды жүзеге асыру. Жобалау-сметалық бюрода (Астана қ.) (бұдан әрі – ЖСБ) жұмыстарды орындаудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу, жобалау үшін бастапқы деректерді жинауды және бекітілген объектілер бойынша техникалық мәселелерді шешуді, оның ішінде жобалау жұмыстарының тапсырыс берушілерімен бірге жүргізуді қамтамасыз ету. Жобалау үшін алынатын тапсырмалардың және техникалық шарттардың бастапқы деректерінің толықтығы мен сапасын тексеру, ЖСБ топтарының жетекшілеріне жобалау үшін бастапқы деректерді беру, бекітілген объектілер бойынша орындалған жұмыстар көлемін есепке алу;
2) Жобалаудың әр кезеңінде қабылданатын жобалық, қала құрылысы және сәулет-жоспарлау шешімдерінің техникалық деңгейіне бақылауды жүзеге асыру, жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражатты үнемді жұмсауды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімдерін қамтамасыз ету. Жобалау-сметалық құжаттаманың сапасын арттыруға және объектілерді салу кезінде материалдық ресурстар шығынын қысқартуға, сондай-ақ жобалық, қала құрылысы және сәулет-жоспарлау шешімдерінің сапасын жақсарту негізінде олардың пайдалану құнын төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, ең орынды және экономикалық жобалық шешімдерді қолдану арқылы жобаланатын объектілердің жоғары технико-экономикалық деңгейін қамтамасыз ету;
3) Жобаланған объектілердің құрылысы бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыру, қолданылатын конструкциялар, материалдар және бұйымдардың бекітілген жобаларға, мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау, авторлық қадағалау журналының жүргізілуін бақылау;
4) Тапсырыс берушілермен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге (беруге) арналған шарттар жасасу үшін деректерді дайындау, оның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстары құнының негіздемесін;
5) Құрылыс үшін алаңдарды (трассаларды) таңдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу, жобалауға арналған тапсырмаларды дайындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін инженерлік тексерулерді (обследование) ұйымдастыруға қатысу;
6) Ағымдағы объектілер бойынша топтарда жобалау-сметалық құжаттаманы шығару жөніндегі күнтізбелік жоспарларды жасау және оларды директордың орынбасарына (жобалау) апта сайын ұсыну. Топтар бойынша орындалған жұмыс туралы есептерді және жұмыстарды орындау жоспарларын жүйелі талдау. Жобаны әзірлеушілер құрамына қатысты ұсыныстар әзірлеу, олардың арасында жобаның бөлімдері мен бөліктері бойынша, жұмыстардың көлемдері мен құны бойынша тапсырмаларды бөлу;
7) Оларға тапсырылатын жұмыстарды орындау үшін мердігерлік ұйымдарға және өзге орындаушыларға тапсырмалар қалыптастыру және осы ұйымдарды қажетті бастапқы деректермен қамтамасыз ету. Құжаттаманы әзірлеу барысында олардың туындайтын мәселелерін шешу;
8) Әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік стандарттарға, нормаларға, ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Жобада алғаш қолданылатын немесе оған арнап әзірленген технологиялық процестерді, жабдықты, аспаптарды, конструкцияларды, материалдар мен бұйымдарды патенттік тұрғыдан тазалығы мен патентке қабілеттілігін тексеруді қамтамасыз етеді;
9) Жобаны жоғары тұрған ұйымдарда және сараптама органдарында белгіленген мерзімдерде қорғауды жүргізу, ескертпелер тізілімін және олардың алыну (жойылу) мәртебесін жүргізумен;
10) Құрылыс жобалау, объектіні іске қосу, жобалық қуаттарды игеру процесінде туындайтын мәселелерді шешу. Анықталған ақауларды жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттамада жою бойынша, сондай-ақ бекітілген сметалардың шығынын есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының филиалы «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» (бұдан әрі – Филиал) ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысына қатысу;
12) Біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс. Рационализаторлық ұсыныстарға, жобалық стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға қорытындылар мен пікірлер дайындау, семинарларға, конференцияларға және көрмелерге қатысу. Ғылыми-техникалық институттармен және жобалау ұйымдарымен шығармашылық байланыстарды қолдау;
13) ИСМ құжаттамасының талаптарын сақтау және орындау, ИСМ құжаттамасының талаптарына және АҚ «ҚазТрансОйл» ішкі құжаттарына (бұдан әрі – Қоғам) сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
14) Жұмыс орнында еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша Нормалар мен Ережелердің талаптарын сақтау;
15) Оған тікелей басшысы және Қоғам мен Филиалдың ішкі құжаттары жүктеген өзге міндеттерді орындау;
16) Қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру.
Талаптар:
Дайындау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
«Жоба бас инженері» мамандығы бойынша ИТР біліктілік аттестатының міндетті түрде болуы
|
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білімдер, салалар бойынша: |
|
1) өндіріс технологиясының негіздері; 2) мұнай-газ саласының даму перспективалары мен бағыттары; 3) объектілерді жобалау, салу және пайдалану бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, басшылық материалдар; 4) құрылысты жобалауға арналған жобалық құжаттама жүйелері, қазіргі заманғы жобалау техникалық құралдары және есептеу жұмыстарын орындау құралдары, жобалау жұмыстарын автоматтандыру құралдары; 5) жобалау тәсілдері мен әдістері, жобалау және инженерлік іздестірулерді ұйымдастыру, жоспарлау және экономикасы, отандық және шетелдік жобалау мен құрылыс саласындағы озық тәжірибе; 6) жобаланатын объектілерге қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар; 7) қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптары, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары; 8) мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттарды жасасу және орындау; 9) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері, объектілерді жобалау, салу және пайдалану бойынша басшылық материалдар, жобаланатын объектілерге қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар, техникалық шарттар және өз қызметіне қатысты басқа да нормативтік және басшылық материалдар; 10) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; 11) авторлық құқық; 12) СТ РК 1928-2023 сәйкес базалық деңгейде мемлекеттік тіл. |
|
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар: |
|
1) жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру; 2) құрылыс, сәулет және жобалау қызметі саласындағы нормативтік құжаттамадағы және ҚР заңнамасындағы өзгерістерді білу және зерделеу; 3) шешімдерді уақытылы қабылдау және іске асыру, міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, талдау және болжам жасау; 4) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау; 5) әріптестермен ынтымақтастық; 6) келіссөздер жүргізу; 7) есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану; 8) қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру: MS Office, Autodesk AutoCAD (немесе аналогтары), Adobe Acrobat, Lotus Notes. |
Шарттар:
Күніне 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасында 2 демалыс күнімен, сенбі және жексенбі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар