Құжат айналымы жөніндегі маман Ақпараттық-технологиялар орталығының іс жүргізуді басқару бөлімі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
109

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

«ҮМЗ» АҚ орталық аппаратының қызмет/бөлімше басшысының (бұдан әрі мәтін бойынша - басшы) әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Басшының жұмыс орнын қажетті ұйымдастыру техникасымен, кеңсе және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды. Басшының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес жұмыс немесе орындау процесінде қолдану үшін оны құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға береді. Басшыға бөлімшелерден және (немесе) орындаушылардан қажетті мәліметтерді сұратады. Басшының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады. Телефонограммаларды қабылдайды және жібереді, кіріс телефонограммалар мен хабарламалардың мазмұнын басшының назарына жеткізеді. Басшының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды. Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету), хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді. Қызметтік этиканы сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді. Құжаттаманың сақталуын және қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерінің құжаттармен уақытылы танысуын қамтамасыз етеді. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде пайдаланылатын жұмыскерлердің дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімше жұмыскерлерінің бұйрықтар мен өкімдерді орындауын, сондай-ақ бақылауға алынған басшының тапсырмалары мен нұсқауларын орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бөлімше жұмыскерлерінің құжаттарын және жеке өтініштерін басшыға қол қоюға қабылдайды. Басшының тапсырмасы бойынша хаттар, сұрау салулар жасайды, хат авторларына жауаптар дайындайды. Басшының нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік құжаттарды ресімдейді. Бөлімше жұмыскерлерінің өтініштерін, ұсыныстарын және шағымдарын жедел қарауға жәрдемдеседі. Ішкі шығыс құжаттамасын басқаруға қатысады (өз құзыреті саласында). Менеджмент жүйесінің аудитін дайындауға және жүргізуге қатысады ( өз құзыреті саласында). Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды. Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, конфиденциалды ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды

Білім:

Жоғары, орта техникалық және кәсіптік

Дағдылар:

ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде білуі

Қосымша:

Лауазымдық жалақы/грейд мөлшері Грейд 10.4 – 188 016 теңгеден 389 871 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

-

Қажетті қабілеттер

  • Владение ПЭВМ и другими средствами оргтехники на пользовательском уровне