KEGOC АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Қүрделі құрылыс қызметінің 2 санатты инженері (сметалық жұмыс бойынша) Шымкент қ.
Білім деңгейі: жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі
Білім профилі: «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыты бойынша
Кәсіби тәжірибесі және еңбек өтілі: энергетика немесе құрылыс саласында смета инженері ретінде кемінде 3 жыл.
Білуі тиіс: сметалық-нормативтік базаны, құрылыс технологияларын, сызбаларды оқу қағидаларын және бейіндік компьютерлік бағдарламаларды, қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларын (ҚНжЕ, ЕЖ), мемлекеттік стандарттарды (МЕМСТ), құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық нормалау тәртібін (базистік, ресурстық немесе индекстік әдістер), жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысты басшылыққа алынатын әдістемелік құжаттарды білу қажет.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Жобалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру, оны келісу және бекіту тәртібін білу;
- Сызбаларды, схемаларды, спецификацияларды және ақаулар тізімдерін оқи білу;
- Құрылыс, монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау технологиясы мен жүйелілігін білу;
- Жоба бойынша жұмыс көлемдерін есептеу дағдылары;
- Жергілікті, объектілік және жиынтық сметалық есептерді қалыптастыру қағидаларын білу;
- Орындалған жұмыстар актілерін (КС-2, КС-3 сияқты формаларды және ұқсас құжаттарды) жасау және тексеру қағидаларын білу;
- Құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың және арнайы техника қызметтерінің нарықтық бағаларына мониторинг жүргізу;
- Құрылыстағы шарттық жұмыстардың негіздерін білу (шарттық бағаларды және қосымша шығындарды келісу);
- Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби әдеп принциптерін қатаң сақтау).
ДК жұмыс істеуге қажетті дағдылар: «АВС-4», «SANA» сметалық бағдарламалар кешендерін білу; ДК және MS Office /Word, Excel, CorelDRAW, ERP SAP және т.б. тәжірибелі пайдаланушы.
Тілдерді меңгеру: Қазақ тілі, орыс тілі.
Қосымша: қызметтік іссапарларға дайын болу, 2022 жылдан кешіктірмей «Сметалық іс» және «ABC-4» бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өткені туралы сертификаттың болуы.Негізгі лауазымдық міндеттері:
- құрылыс жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыру жұмыстарына сметалық-қаржылық құжаттаманы әзірлейді;
- бағалар немесе жұмыс көлемдері өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізеді;
- жобалау ұйымдарымен шығындар сметасының дұрыс жасалғанын тексереді және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
- ұсынылған орындалған жұмыстардың актілерін (№2 нысан) және анықтамаларды (№3 нысан) тексереді;
- келісуге ұсынылған шарттық бағаларды тексереді;
- жұмыстардың сметалық құны туралы қажетті анықтамаларды дайындайды;
- құрылыста еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс жұмыстарының шығындарын азайту және сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізеді;
- құрылыс құнын төмендетуге және мерзімдерін қысқартуға, күрделі салымдардың өтелуін жеделдететін (конструкциялардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) рационализаторлық ұсыныстарды енгізуге жәрдемдеседі;
- күрделі құрылыс бойынша есеп және есептілікті жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;
- қызмет бастығының және филиал басшылығының жекелеген тапсырмаларын орындайды.
Жұмыс орны: Шымкент қаласы, «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының әкімшілік ғимараты.
Түйіндемені қабылдау мерзімі 2026 жылғы 6 тамызды қоса алғанда.
Қажетті қабілеттер
- - опыт работы в составлении и согласовании смет на выполнение работ/оказание услуг.
- -Опытный пользователь сметными программами SANA, АВС-4
- - Знание нормативно -методической базы сметного дела
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар