Әкімшілік және шаруашылық жұмыс бөлімі (аутстаффинг) жетекші маманы
«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.Білім беру бейіні:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:
- менеджмент;
- мемлекеттік және жергілікті басқару;
- экономика;
- ұйымдастыру және басқару;
- құқықтану;
- техникалық білім (әкімшілік-шаруашылық қызмет саласында тәжірибе болған жағдайда)
Жұмыс тәжірибесі :
Әкімшілік-шаруашылық қызмет, әкімшілік қамтамасыз ету немесе жалпы әкімшілендіру бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл, оның ішінде маман лауазымында кемінде 1 (бір) жыл, немесе жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл (қалаулы)
Білімдері мен дағдылары:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-шаруашылық қызметті, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті реттейтін заңнамасын білу.2) Әкімшілік және шаруашылық қамтамасыз ету бойынша ұйымның нормативтік құжаттарын және ішкі регламенттерін білу.
3) Кәсіпорын қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды есепке алу және бақылау дағдылары.
4) Техникалық тапсырмаларды дайындау, шарттарды сүйемелдеу, мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау тәжірибесі.
5) Іскерлік хат алмасуды жүргізу, қызметтік жазбалар, есептер және өзге де құжаттаманы дайындау.
6) Microsoft Office бағдарламаларын сенімді меңгеру (Word, Excel, Outlook, PowerPoint), электрондық құжат айналымы жүйелері; SAP, СЭД немесе ұқсас корпоративтік жүйелерді білу қалаулы.
7) Әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындалуын бақылау.
8) Іскерлік қарым-қатынас ережелерін, қызметтік этиканы және ұйымның бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды білу.
Міндеттері:1) Серіктестіктің кеңсесін тіршілікпен қамтамасыз ету және құрылыс алаңында шаруашылық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, кеңсе ғимаратының тиісті жай-күйін сақтау;
2) Серіктестіктің қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайларды қалыптастыруға қатысу;
3) Шаруашылық шығыстар сметаларын жасауға қатысу; жеткізушілермен жасалған шарттар бойынша төлемге талаптарды дайындау; шаруашылық материалдардың жұмсалуын бақылау; мүлікті түгендеуді жүргізуге қатысу;
4) ТМҚ сатып алуға, қызметтер көрсетуге, жұмыстарға арналған шарттардың жобаларын дайындау; жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шарттардың орындалуын мониторингтеу;
5) Кеңсе керек-жарақтарын, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдық пен мүлікті Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне алу, сақтау және беру; кеңсе тауарлары бойынша сатып алу жоспарының бюджеті бойынша қаражатты қадағалау;
6) Кеңестер мен басқа да іс-шараларды шаруашылық қызмет көрсетуін ұйымдастыруға қатысу; бөлімнің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
7) Серіктестік басшылығын жедел-ұйымдастырушылық қызмет көрсету;
8) Презентациялар ұйымдастыру (слайдтарды ресімдеу) және Жоба бойынша презентациялық материалдарды сақтау (макеттер, стендтер және т.б.);
9) Жобаны таныстыруға байланысты кездесулерге, делегацияларды шығарып салуға, іссапарлық іс-шараларға қызмет көрсету;
10) Техникалық қызмет көрсетудің үздіксіз жұмысын бақылау және қамтамасыз ету;
11) Серіктестіктің қызметін белгіленген тәртіппен және белгіленген нормалар шегінде көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оны Серіктестік қызметкерлерінің пайдалануын үйлестіру;
12) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Серіктестіктің Жарғысының, Бөлім туралы ереженің және Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа құжаттардың талаптарын орындау;
13) Бөлімнің қызметіне байланысты басшылықтың тапсырмаларын орындау;
14) Бөлім туралы ережеге сәйкес Бөлімнің өзге де функцияларының орындалуын қамтамасыз ету;
15) Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын, өнеркәсіптік, газдық және өрт қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, кәсіпорында қолданылып жүрген нұсқаулықтарда көзделген талаптарды сақтау;
16) БиОТ, ООС және ГЗ бойынша заңнамалық талаптарды және ішкі нормативтік құжаттарды білу және сақтау
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр