«Петерфельд» ЖӨҚС шаруашылық меңгерушісі — Павлодар мұнай құбыры басқармасы

«ҚазТрансОйл» АҚ Петерфельд а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
317

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. ұйымның немесе оның бөлімшелерінің жабдықтау және шаруашылық қызметі бойынша жұмысына басшылық ету;

    2. шаруашылық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, оны қалпына келтіру және толықтыру, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықты сақтау;

    3. бекітілген ғимараттар мен құрылыстардың тиісті өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес жағдайын қамтамасыз ету;

    4. оқызметкерлерді кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету;

    5. қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына басшылық ету;

    6. бюджетті жасауға арналған қажетті материалдарды ресімдеу, өтінімдерді дайындау және шаруашылық қызметі қарайтын позициялар бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасасу;

    7. материалдарды, жабдықты және құны төмен мүлікті есепке алу, тиісті сақтау, олардың келіп түсуінің дұрыстығын, шығындалуын және уақытылы есептен шығарылуын қамтамасыз ету, белгіленген есептілікті жүргізу;

    8. абаттандыру, аумақты көгалдандыру бойынша жұмыстарға басшылық ету, оның ішінде бекітілген көшедегі учаскені жинау, кеңсе фасадын ресімдеу және т.б.;

    9. функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет болған жағдайда бөлім басшыларымен өз әрекеттерін келісу;

    10. қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы қағидалар мен нұсқаулардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

Талаптар:

  • сәйкес мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім
  • мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі

Жағдайлар:

  • 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек жағдайлары қалыпты
  • Жұмыс орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд кенті, ЛПДС «Петерфельд»

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Орташа)