Есептілік тобының менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
04.08.2026
- Берілген өтінім:
- 23
- Қаралған саны:
- 500
Міндеттері:
- DCC (құжаттарды басқару) бойынша көлденең/сквозной процесті ұйымдастыру: АЭС құрылыс жобасы бойынша барлық кіріс және шығыс жобалық, жұмыс, сметалық және атқарушылық құжаттаманы орталықтандырылған жинауды, тіркеуді, бөлуді, тексеруді, есепке алуды және мұрағаттық сақтауды қамтамасыз ету.
- Жобалық материалдардағы нұсқалылықты және өзгерістерді бақылау, ескірген сызбаларды уақтылы алып тастау.
- Ішкі регламенттерді, нұсқаулықтарды, кодтау рәсімдерін және құжаттаманы басқару стандарттарын әзірлеу, енгізу және өзектендіру.
- EDMS әкімшілендіру: СЭД/EDMS жүйесінде жоба қатысушыларының жұмысының дұрыстығын баптау, сүйемелдеу және бақылау, қолжетімділік құқықтарын бөлу және тарату матрицаларын жүргізу.
- Есептілікті дайындау кестелерінің орындалуын қалыптастыру және бақылау, басшылыққа есептер дайындау, көрсеткіштер мен ауытқуларды талдау.
- Шарттық ұйымдарды (жобалаушылар, бас мердігер, жеткізушілер) құжаттаманы беру сапасы, толықтығы, мерзімдері бойынша бақылау (MDR бақылауы).
- Жобалық-сметалық құжаттаманың (ПСД) қаралуы мен бекітілуінің мәртебесі бойынша аналитикалық есептер мен дашбордтарды қалыптастыру.
- Мемлекеттік сараптаманы сүйемелдеу (РГП «Госэкспертиза»): материалдарды жинақтау, тапсыру және ескертулердің орындалуын бақылау.
- Халықаралық серіктестермен, мердігерлермен және ұйымдармен (соның ішінде МАГАТЭ) техникалық құжаттаманы верификациялау және сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл.
- СМЖ аудиттеріне қатысу, персонал мен мердігерлерді EDMS-та жұмыс істеу ережелері және DCC стандарттары бойынша оқыту/нұсқама жүргізу.
- Ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылық талаптарын қатаң сақтау.
Талаптар:
- Инженерлік-техникалық бағыт бойынша жоғары кәсіби білім (өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, энергетика), ақпараттық технологиялар/деректерді басқару, жобаларды басқару немесе аударма ісі.
- Қажет/ұсынылады: жобаларды басқару саласындағы сертификаттар (PMI PMP, IPMA) немесе сапа менеджменті жүйелері (ISO 9001).
Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл:
- Ірі инфрақұрылымдық, мұнай-газ, өнеркәсіптік немесе энергетикалық жобаларда жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттаманы басқару (Document Control) (капиталдық құрылыс, EPC/EPCM-контракттар);
- Жобалық материалдар базаларын әкімшілендіру және құжаттардың көлденең реестрлерін жүргізу (Master Document Register);
- Шетелдік EPC-мердігерлермен және вендорлармен өзара іс-қимыл тәжірибесі.
Қытай тілін білгені жөн.
Шарттары:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
Мұнай мен газды тасымалдау және маркетинг аудиті секторының жетекші аудиторы — Операциялық аудиттер басқармасы, Ішкі аудит қызметі
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.08.2026 | 1124
Ішкі аудит қызметінің басшысы
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.08.2026 | 398
ДКБ тарифтері мен өнімдері департаментінің жобалық менеджері
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.08.2026 | 2217