Лауазымдық жауапкершілік:
1. Мыналарды жүзеге асырады:
1.1. Науқастану жағдайына жұмыскерлерді ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі - ЕМС) және консультациялық-диагностикалық емхана (бұдан әрі - КДЕ) бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттардың жобаларын дайындау және олардың орындалуын бақылау.
1.2. Шығыстарды жоспарлайды және ЕМС және КДЕ қызметтері бойынша қаржылық жоспардың орындалуын бақылайды.
1.3. Еңбек қызметімен байланысты емес созылмалы аурулардың профилактикасы бойынша ақпараттық материалдарды, орындалатын жұмыс түріне, еңбек жағдайына, қызметкердің жасы мен жынысына байланысты дене жаттығуларының кешенін әзірлейді.
1.4. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады.
1.5. Қызметкерлердің ЕМС және басқа да әлеуметтік жобалардың сапасы бойынша әлеуметтік сауалнамаларын ұйымдастырады және жүргізеді, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізеді.
1.6. Қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
1.7. Мемлекеттік органдардың, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның және өз құзыретіндегі басқа да бөгде ұйымдардың сұрау салулары бойынша жауаптардың және басқа да қажетті ақпараттың жобаларын дайындайды.
1.8 «ҮМЗ» АҚ-ның өз құзыреті саласындағы комиссиялардың, функционалдық/жұмыс топтарының жұмысында, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардағы кеңестерде, семинарларда, тұсаукесерлерде мүдделерін білдіреді.
1.9 Өз құзыреті саласындағы мәселелер бойынша бөлімшелердің персоналына әдістемелік көмек көрсетеді.
1.10 ПКМБ және ПДҚ әзірлейтін жобаларды іске асыруға қатысады.
1.11 Өз құзыреті саласында ПКМБ қызметін регламенттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлейді және өзектендіреді.
1.12 Бөлімшелердің персоналымен жұмысты ПКМБ алдында тұрған міндеттерге және «ҮМЗ» АҚ-ның (өз құзыреті саласында) кадр саясатына сәйкес жүзеге асырады.
1.13 Өз құзыреті саласындағы мәселелер бойынша номенклатуралық істерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
1.14 Өз құзыреті саласындағы нормативтік, әдістемелік әдебиетті және өзге де көздерді зерделейді.
1.15 Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды.
1.16 «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды.
1.17 Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды.
1.18 Өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді ӨҚжЕҚБ № 14.025 БҚ сәйкес орындайды.
1.19 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды.
Білім:
денсаулық сақтау саласындағы арнайы ортадан төмен емес (медициналық, медициналық-профилактикалық/қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі және т.б.) немесе денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім/менеджмент/әлеуметтік жұмыс/психология бағыттары бойынша жоғары білімДағдылар:
санатсыз - талаптар қойылмайды;
2-санат - денсаулық сақтау/ денсаулықты күту/ ЕМС әкімшілендіру/әлеуметтік жұмыс/психология салаларының біріндегі лауазымдардағы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
1 санаттағы - денсаулық сақтау/денсаулықты күту/ЕМС әкімшілендіру/әлеуметтік жұмыс/психология салаларының біріндегі лауазымдарда кемінде 3 жыл не әлеуметтік-медициналық қамтамасыз ету және денсаулық бағдарламаларын басқару жөніндегі II санаттан төмен емес маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: Грейд 11.3 251 389 бастап 439 648 теңгеге дейін – санаты жоқ
Грейд 11.2 276 528 бастап 483 648 теңге дейін – 2-санат үшін
Грейд 11.1 304 180 бастап 532 013 теңге дейін – 1-санат үшін
Білетін тілдер:
-