СОБ электрмеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- ЖАТС құрылғыларын техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жедел басқару, ТО кестесінің орындалуын бақылау
- ЖАТС құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда олардың қауіпсіз жұмысын қалпына келтіруді ұйымдастыру, мұндай жағдайларды есепке алу
- ЖАТС құрылғыларын пайдалану нормаларынан анықталған ауытқуларды жоюды бақылау
- Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларға сәйкес орталықтандырудан ажыратумен және ажыратусыз ЖАТС құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу үшін «терезелерді» ұйымдастыру мен өткізуді бақылау
- Арнайы журналға деректерді енгізе отырып, апаттық-қалпына келтіру және пайдалану қорындағы материалдар мен жабдықтардың қолданылуын, болуын және толықтырылуын бақылау
- Арнайы журналдарға деректерді енгізе отырып, оқшаулауы төмен кабельдердің жағдайын бақылау
- Қатысты қызметтер орындайтын жөндеу-жол және басқа жұмыстарды орындау кезінде техникалық қадағалауды ұйымдастыруды бақылау
- Мердігерлік ұйымдар орындайтын жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қадағалауды ұйымдастыруды бақылау
- ЖАТС құрылғыларына ТО және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде, сондай-ақ олардың қалыпты жұмысының бұзылуын жою кезінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау
- ЖАТС құрылғыларының жұмыс істеуін уақтылы қалпына келтіруді бақылау
- Темір жол өтпелеріндегі автоматика құрылғыларының жұмысын бақылау
- Арнайы журналға деректерді енгізе отырып, ЖАТС құрылғыларын ұрлау және қасақана бүлдіру (вандализм) жағдайларын тіркеу
- Арнайы журналға енгізумен қоса, артық жұмыс уақытында, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс жүргізген кезде сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкерлерінің еңбекті қорғау ережелерін сақтауын ұйымдастыру және бақылау
- Басшылар мен орындаушылар арасындағы технологиялық өзара іс-қимыл
- Түрлі деңгейдегі тексерістерде, қарауларда, ревизияларда анықталған ескертулерді жоюды бақылау
- Сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы бекіткен кестеге сәйкес дәнекерлеу агрегаттарының жұмысының орындалуын бақылау
- Автокөлік, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды беру бойынша аға электрмеханиктердің өтінімдерін қабылдау және оның қолданылуын бақылау
- Сигнализация және байланыс дистанциясы басшылығының тапсырмасы бойынша жекелеген жұмыстар мен іс-шараларды бақылау
- Жолдың күрделі жөндеуін, энергиямен жабдықтау құрылғылары мен басқа инфрақұрылым нысандарын орындау кезінде ілеспе жұмыстар үшін «терезелерге» сигнализация және байланыс дистанциясының пайдаланушы штатынан тартылған қызметкерлерді есепке алу
Біліктілік талаптары:
Специальность - «Автоматизация и управление», «Автоматика, телемеханика и связь на железнодорожном транспорте», «Радиотехника, электроника и телекоммуникации»высшее - без предъявления к стажу
специальная подготовка по установленной программе - не менее 2 лет в должности электромонтера
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж