Жетекші құрылыс инженері (уақытша)

Жалақы көрсетілмеген
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
361

   Конкурс туралы

Лауазым функционалы :

  • жаңа технологиялық қондырғылар мен жалпы зауыттық мақсаттағы объектілердің құрылысын техникалық бақылау және сүйемелдеу;
  • ЖСҚ - ға кіріс бақылау және техникалық сараптама: бас жобалаушылар мен мердігер ұйымдардан келіп түсетін құрылыс бөлігі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) ҚР ҚН, ҚР БК, ГОСТ, ҚР СТ талаптарына, «ПМХЗ» ЖШС және «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ регламенттеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жоюға қатысу жобалау ұйымдарымен бірлесіп, ескертулердің уақтылы жойылуын бақылау;
  • жобаларды келісу процестерін үйлестіру: ЭҚЖ арқылы зауыттың бейінді бөлімшелерінің ескертулерін жинауды, шоғырландыруды және техникалық шешімдерін келісуді ұйымдастыру, ескертулерді жою бойынша жобалау институттарымен хат алмасу жүргізу;
  • кәсіпорынның мердігерлік ұйымдары, жобалаушылары, қызметтері мен пайдалану бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру;
  • өндірістік кеңестерге қатысу, жобаның барысы туралы есептілікті дайындау, тәуекелдерді талдау және түзету шараларын әзірлеу.

Лауазым функционалы :

  • қызмет бейініне сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • құрылыс нормалары мен ережелерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау талаптарын және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттаманы білу;
  • технологиялық қондырғылардың, өндірістік объектілердің құрылысын сүйемелдеу тәжірибесі (артықшылық болады);
  • жобалау және жұмыс құжаттамасын оқу және талдау;
  • жобалық, сараптамалық және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу (артықшылық болады);
  • Word, Excel, Outlook, MS Project, PowerPoint, AutoCad бағдарламаларын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр