Еңбекке ақы төлеу және еңбек нормалауы жөніндегі жетекші менеджер (HR қызметі)
Тестовая компания Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
06.08.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 124
Міндеттер
1. Еңбек ақы қоры (ЕАҚ) мен бюджет орындалуын жоспарлау және мониторингтеу
- Қоғамның ішкі құжаттарына және құрылымдық бөлімшелердің өтінімдеріне сәйкес алдағы жылға бюджет қалыптастыру.
- Бюджет орындалуын тоқсан сайын мониторингтеу және қаражаттың жұмсалуын бақылау.
- Басқарма бюджетіне түзетулер енгізуді бастамалау.
- Бюджеттердің қалыптастырылуын, даму жоспарларының орындалуын бақылау және бөлімше құзыреті шеңберінде қорытындылар дайындау.
2. Қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін әзірлеу, енгізу және дамыту
- Қызмет тиімділігін басқару бағдарламасына, бизнес-стратегияға және ағымдағы бизнес-мақсаттарға сәйкес әкімшілік қызметкерлердің мақсаттары мен жеке даму жоспарларын жинау және тексеру.
- Қызметкерлерге мақсаттар мен даму жоспарларын дұрыс толтыру бойынша консультация беру.
- Жыл қорытындысы бойынша әкімшілік қызметкерлердің қызметін бағалауды ұйымдастыру және өткізу.
- Әкімшілік қызметкерлердің мақсаттарын түзету.
3. Лауазымдарды грейдтеу, сыйақы жүйесін талдау және еңбекті нормалау
- Лауазымдарды талдау, сипаттау және бағалау.
- Лауазымдар иерархиясын құру.
- Еңбекақы төлеу саясатын ескере отырып, окладтық диапазондарды есептеу.
- Еңбек нарығындағы жалақы деңгейінің бәсекеге қабілеттілігін талдау және басшылыққа арналған есептілікті дайындау.
- Еңбек өнімділігін арттыру және еңбекті нормалауды жетілдіру резервтерін анықтау.
- Еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеуді өзгерту бойынша ұсыныстар дайындау.
- Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық окладтары схемасын өзектендіру.
- Қызметкерлерге сыйақыны есептеуді бақылау және Қоғам басшылығымен келісу.
4. Кадрлық әкімшілендіру
- 1С:ЗУП жүйесінде кадрлық есепті талдау және бақылау.
- 1С:ЗУП жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
- 1С:ЗУП жүйесінде қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару рәсімдерінің уақтылы ресімделуін бақылау.
- Ауысымдылық және демалыс кестелерін жасау және өзектендіру.
- Қызметкерлердің Қоғамның ішкі актілерімен танысуын бақылау (бұйрықтар, өкімдер, ережелер, саясаттар, рәсімдер және т.б.).
- Персоналды басқару мәселелері бойынша басшылар мен қызметкерлерге консультация беру.
5. Ұйымдық құрылымды басқару
- Қоғамның бекітілген ұйымдық құрылымына сәйкес штат кестесін қалыптастыру.
- Қоғамның ұйымдық құрылымына әзірлеу және өзгерістер енгізу.
6. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру
- Еңбек шарттарының жобаларын, қосымша келісімдерді, қызметтік жазбаларды, бланкілерді және басқа да құжаттарды өзектендіру.
- Еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау бөлігінде ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру және келісу.
- Еңбекақы төлеу және еңбекті ынталандыру бөлігінде ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау.
7. Есептілікті қалыптастыру
- Жалғыз акционер мен мемлекеттік органдардың белгіленген есептері мен сұрау салулары бойынша деректерді дайындау.
- Персонал және еңбекақы қоры бойынша есептіліктің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету.
- Басқарушылық есептілікті қалыптастыру және есептерді Bi.tks.kz-ке тапсыру.
- Есеп жүргізу және деректерді ұсыну:
- ӘҚҚ (әкімшілік басқару аппараты) мен ПП-ның орташа тізімдік нақты саны;
- Кадр тұрақсыздығы (ауысып кету);
- Өңделген адам-сағаттар.
- Статистикалық есептіліктің мемлекеттік органдарға тапсырылуын бақылау.
- Жергілікті қамту бойынша есептіліктің тапсырылуын бақылау (Nadloc).
- Аутсорсингке берілген қызметкерлердің еңбекақы төлеуінің дұрыстығын, саны бөлігінде бақылау.
8. Еңбек тәртібін бақылау
- Қызметкерлердің нақты жұмыс уақыты бойынша табельдік есеп жүргізу.
- Қызметкерлердің жұмысқа уақтылы келуін, жұмыстан кетуін және жұмыс орындарында болуын бақылау.
- Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кешігу және жұмысына шықпау фактілері бойынша түсіндірме хаттарды сұрату.
- Жұмыс уақыты табельдерін дайындау, оның ішінде үстеме жұмыс туралы мәліметтерді қоса.
- Алкогольдік немесе есірткілік масаю белгілері бар қызметкерлерді медициналық куәландыруға жіберу.
- Еңбек тәртібін бұзу фактілері бойынша қызметтік және баяндау жазбаларын тіркеу және қарау.
- Жұмыс кестесі мен еңбек тәртібінің сақталуын тексеру үшін қашықтағы объектілерге жоспарлы тексерістер жүргізу.
- Тәртіптік ескертпелер журналының жүргізілуі.
- Тәртіптік комиссия отырыстарын ұйымдастыру.
- Тәртіптік жазалау және көтермелеу туралы бұйрық жобалары мен отырыс хаттамаларын дайындау.
- Бөлімше басшыларының қызметтік жазбаларын талдау және өңдеулерге ақы төлеуге арналған құжаттарды келісу.
9. Іссапарларды ұйымдастыру
- Қызметкерлерге іссапарға жіберу мәселелері бойынша консультация беру.
- Қызметтік жазбалар негізінде іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау.
- Әуе билеттері мен қонақүй броньдарын жасау.
- Қызметкерлердің іссапарлары туралы ақпаратты 1С:ЗУП жүйесіне енгізу.
Талаптар
Білімі
- Төмендегі бағыттардың бірi бойынша жоғары кәсіби білім:
- экономика;
- құқықтану;
- социология;
- персоналды басқару;
- менеджмент.
Жұмыс тәжірибесі
- Ұқсас лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Сертификаттар
- Мүмкін болса, келесі бағыт бойынша сертификаттың болуы:
- сыйақы;
- лауазымдарды бағалау және талдау.
Шарттар
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру.
- Үміткерлерді конкурстық іріктеу.
- Жұмыс кестесі: 5/2.
- Жұмыс орны: Шалқия кеніші.
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шелек электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары
Шелекская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы облысы
20.08.2026 | 478
552 225 - 600 780
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің инвестициялық қызметті қолдау секторының аға менеджері (негізгі қызметкер болмаған кезеңде)
«Самрук-Қазына» АҚ | Қызметкер болмаған кезде
| Астана қ.
04.08.2026 | 6838