Өндірістік-техникалық бөлімнің инженері

«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
272

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ГЭС створы арқылы электр энергиясын өндірудің және судың шығынының перспективалық және ағымдағы жоспарлануын, бақылауын, есебін және есептілігін жүргізу. Қоғамның тәуліктік, айлық, тоқсандық және жылдық су-энергетикалық балансын жүргізу, Қоғамның технологиялық және шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясы мен судың шығынын есепке алу, бақылау және есеп беру.
  • Қоғамның белгіленген, қолжетімді жұмыс қуаты және белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті бойынша жоспарлар жасау, есепке алу және есептілік жүргізу.
  • Су-энергетикалық баланс, Қоғамның белгіленген, қолжетімді жұмыс қуаты, белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті және басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат ұсыну.
  • Бекітілген кестеге сәйкес ғимараттар мен құрылыстарға көктемгі-күзгі тексерістер жүргізуге қатысу.
  • Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
  • Ғылыми-техникалық ақпарат бойынша жоспарларды әзірлеуге, шарттарды ресімдеуге қатысу.
  • Қоғам персоналының барлық санаттары үшін еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу.
  • Жұмыс орындарында өндірістің қолданыстағы ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларын, еңбек үдерістерін, еңбек тәсілдері мен әдістерін тікелей зерделеу, еңбек ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені Қоғамның жағдайларына қолдануды енгізуге жәрдемдесу.
  • Қоғамдарға келіп түсетін ҒТА (ғылыми-техникалық ақпарат) өңдеу және жүйелеу. Ақпарат көздерінен қажетті ҒТА-ны сұрату, ҒТА бойынша хат алмасуды жүргізу. Кәсіпорынның ҒТА-ға қажеттілігін зерттеу, Қоғам бөлімшелерін ҒТА бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.
  • Белгіленген мерзімдер өткеннен кейін ағымдағы сақтаудағы құжаттарды архивке тапсыруға дайындау.
  • Қоғамның техникалық-экономикалық және су-энергетикалық көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шараларға техникалық тапсырмалар әзірлеуге қатысу. Су-энергетикалық баланс, негізгі және қосалқы жабдық бөлімдері бойынша Қоғамның паспортын жүргізу.
  • Қоғамның өндірістік бөлімшелерінде техникалық паспорттар мен техқұжаттаманың жүргізілуін тексеруге қатысу.
  • Техникалық-экономикалық көрсеткіштер, су-энергетикалық баланс, негізгі және қосалқы жабдық бөлімі бойынша жылдық есепті құрастыруға қатысу. Арнайы су пайдалану бойынша іс-шараларды жоспарлау, есепке алу, бақылау және есептілік жүргізуге қатысу.
  • Электр энергиясын өндіру, теңгерімдеу, диспетчерлеу, электр энергиясын шаруашылық қажеттіліктерге жұмсау, электр энергиясын өндіруге арналған су үшін төлем, шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су үшін төлем, жасыл екпелерді суаруға арналған су үшін төлем баптары бойынша Даму жоспары мен негіздемелерді жасауға қатысу.
  • Өз міндеттері шеңберінде іс жүргізуді, есепке алуды және есептілікті жүргізу. Станцияның дайындығын қолдау және қамтамасыз ету мақсатында «Электр энергиясы қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары» нормаларын орындау және сақтау. (дұмән: «электр энергиясы қуаты нарығы» термині нақты қалай аударылуы тиіс)

Талаптар:

  • PТО инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және салада кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Тесттерден өту үшін электр энергетикасы туралы заңдарды білу қажет

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін, тұрақты жалақы, медициналық сақтандыру;
  • Мойнақ гидроэлектр станциясы Алматы облысында, Кеген ауданында, Жылысай ауылдық округінде, Мойнақ кенті