«KTZ Express» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
481

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің құқық қорғау, мемлекеттік және сот органдарында Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау;
  • Меншік нысанына қарамастан ұйымдармен өзара іс-қимыл барысында Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • Қоғам компаниялар тобы шеңберіндегі дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мәселелерін қарау және тиісті шаралар қабылдау;
  • Мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және прокуратура жүргізетін тексерулерді құқықтық сүйемелдеуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
  • Компаниялар тобы бойынша проблемалық дебиторлық берешек деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды құқықтық сүйемелдеу және оны азайту бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Жергілікті нормативтік актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері жобаларына, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының жергілікті актілеріне оларды өзектендіру және жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;
  • Қоғамның шартқа дейінгі және шарттық қызметін құқықтық сүйемелдеу;
  • Қоғам компаниялар тобының қызметін құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша бірыңғай әдіснаманы әзірлеу, жетілдіру және енгізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес Қоғамның басшылығына, құрылымдық бөлімшелеріне және еншілес ұйымдарына құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беру;
  • Құқықтық қорытындыларды, талдамалық материалдарды, анықтамаларды және заңнамаға шолуларды дайындау;
  • Кеңестерге қатысу, ауызша құқықтық консультациялар беру, құқықтық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында заңнамаға талдау жүргізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқықтану негіздері; Құқық қорғау қызметі.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі мен кіріс көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына сәйкес келетін компанияларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Сондай-ақ сот-талап қою және шарттық-құқықтық жұмыс тәжірибесі, уәкілетті мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі, құқықтық тәуекелдерді басқару дағдылары болуы қажет.

Қосымша талаптар:

Міндетті түрде:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Болғаны жөн:

  • Құқықтану саласы бойынша магистр дәрежесінің, MBA, PhD немесе өзге де академиялық дәрежелердің болуы;
  • Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша сертификаттардың болуы;
  • Ағылшын тілін жетік меңгеруі;
  • Теміржол саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Келіссөздер жүргізу, талдамалық зерттеулер жүргізу, шолулар мен презентациялар дайындау дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)