Жобалар даму кеңсесінің жобалар жетекшісі
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.Міндеттері:
1) Қоғам әзірлейтін жобаларды басқару саласында жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде Қоғам мен ДЗО жобаларын құрылымдау, әзірленетін жобаларды іске асыру, жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңдерін мақұлдау бойынша корпоративтік рәсімдерді жүргізу (ИИС, Басқарма, ИСК, Директорлар кеңесі);
2) Арнайы жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобаның ТЭН-ін, ЖЖД әзірлеуді ұйымдастырады;
3) Қоғамның КЦ-інен жаңа жобалар бойынша ТЭН-ді, ЖЖД әзірлеуге арналған сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде Қоғамның СП-мен өзара іс-қимыл жасайды;
4) ДЗО/Қоғам бастамашылық ететін әзірленетін жобалар пакетін (жаңа құрылыс, кеңейту, реконструкция және техникалық қайта жарақтандыру/модернизация бойынша жобалар) қарауды және келісуді ұйымдастырады, оларды ДЗО/Қоғамның ұсынымдық, атқарушы және өзге органдарына шығарады;
5) Әзірленетін жобалар бойынша шығыстар тізбесі мен жоспардың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді;
6) Инвесторлармен, қаржы институттарымен, кеңесшілермен әзірленетін жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестиция тарту мәселелері бойынша келіссөздерге, кездесулерге ұйымдастырады және қатысады;
7) Халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасы, нормалары мен ережелерінің талаптарын, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдердің шарттарын орындауды қамтамасыз етеді;
8) Жобалардың Инвестициялық саясат пен Қоғамның Стратегиясы талаптарына сәйкестігін бақылайды және қамтамасыз етеді;
9) Қоғамның КЦ-інен жаңа жобалар бойынша инженер-тапсырыс беруші жұмыстарының, заңгерлік кеңесшінің сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде Қоғамның СП-мен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Әзірленетін жобаларды бағалау және іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде сыртқы кеңесшілермен, сондай-ақ инженер-тапсырыс берушімен, заңгерлік кеңесшiмен жұмысты ұйымдастырады;
11) Әзірленетін жобаларды Қоғамның ГПИИР-ға, индустрияландырудың республикалық және өңірлік карталарына; шұғыл басым жобалар тізбесіне; серпінді жобалар тізбесіне енгізу бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
12) Әзірленетін жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы кеңесшілермен, сондай-ақ инженер-тапсырыс берушімен, заңгерлік кеңесшiмен өзара іс-қимыл жасайды;
13) Қоғамның Даму стратегиясын, Қоғамның Инновациялық-технологиялық стратегиясын, Қоғам мен ДЗО-ның Инвестициялық бағдарламасын, Қоғам мен ДЗО-ның қаралатын бағыттары бойынша даму жоспарын және Қоғамның өзге даму құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
14) Әзірленетін жобалар бойынша қаржылық модельдерді уақтылы келісуді және мониторингті; жобалардың тиесілігі бойынша жол карталарын және өзге құжаттарды қамтамасыз етеді;
15) Әзірленетін жобалар мен іс-шараларды іске асыру барысында қажетті барлық есеп түрлерін жүргізеді: әзірленетін жобалардың өзін-өтеуіне қажет тарифтерді есептеу, қаржыландырудың қажетті құрылымын есептеу, жобалардың тәуекелдерін және сезімталдық талдауын есептеу және т.б.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім (экономикалық, қаржылық, энергетика)
- Халықаралық кәсіби сертификаттың болуы: жобаларды басқару бойынша: РМВОК, РМА, IPMA; қаржылық талдау бойынша: CFA, FMVA.
- Кәсіби салада практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, қызмет бейініне сәйкес.
- Қызмет бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, кадрлық резервте тұрған қызметкерлерді қоспағанда.
- Халықаралық қаржы институттары/ұйымдарының қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру және басқару тәжірибесі;
- Әзірленетін жобаларды жинау және талдау, оларды мүдделі тараптармен келісуді ұйымдастыру тәжірибесі;
- Әзірленетін жобаларды іске асыру бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- Жобаларды басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесі;
- Әзірленетін жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын білу;
- Қызмет бейініне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасын, нормалары мен ережелерін білу;
- Инвестициялық жоспарлау және инвестицияларды басқару әдістері мен құралдарын білу;
- Ағылшын тілін білу;
- Іскерлік хат алмасу дағдылары;
- Коммуникативтік және презентациялық дағдылар.
Қажетті қабілеттер
- • Коммуникативные и презентационные навыки.
- 4) Опыт автоматизации процессов управления проектами;
- 7) Знание методов и инструментов инвестиционного планирования и управления инвестициями;
- 8) Знание английского языка;
- 5) Знание методов и инструментов оценки разрабатываемых проектов;
- 9) Навыки деловой переписки;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар