Шымкент қ.және Түркістан облысы Корпоративтік сату орталығының директоры
«Қазақтелеком» АҚ Шымкент қ.Міндеттері:
- бекітілген тәсілдер, қағидаттар мен стандарттар шеңберінде макроөңірге жеткізілген сатылымдарды іске асыру жөніндегі міндеттерді әзірлейді және жасайды
- жыл сайын өңірдің мақсаттарына сәйкес бөлімшенің ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) қалыптастыру бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды және олардың орындалуына жауапкершілік алады
- өңірде телекоммуникация желілерін дамытудағы неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды
- үдерістер мен рәсімдерді жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығарады
- өңірдің жеткізілген сату жоспарының, есептелген кірістердің және кассаның орындалуын қамтамасыз етеді
- өңірдің жаңа қызметтері мен сервистерін ілгерілету жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді
- баға саясатын қалыптастыруды және өңірде қолданыстағы жеңілдіктер жүйесін қолдануды бақылайды
- күрделі салымдар бюджеті және өңірдің жобалары бойынша жедел резерв шеңберінде ұсыныстар қалыптастырады, бастамашылық етеді
- өңірдің дебиторлық берешек деңгейі бойынша жеткізілген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді, өңір абоненттерінің дебиторлық берешегін төмендетуге және өтеуге бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады
- клиенттердің өтініштерін, олардың ұсыныстары мен шағымдарын әділ және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді
- бөлімше портфелінің ішінде клиенттерді қайта сегменттеуге бастамашылық етеді және бақылайды
- өңірдің клиенттік базасын және клиенттерінің кіріс бөлігін ұстап қалуды қамтамасыз етеді
- жаңадан енгізілетін қызметтер мен сервистерді танымал ету іс-шараларының өткізілуін ұйымдастырады, клиенттерді ismet.kz. порталы туралы хабардар ету үдерісін ұйымдастырады, телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және қайта жасасу жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады
- өңірде салынып жатқан жаңа кәсіпкерлік нысандары туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады, күрделі салымдар бюджеті, жедел резерв есебінен желілерді салу ұсыныстарына бастамашылық етеді және нысандарды жедел қосу үшін барлық мүмкін болатын балама техникалық шешімдер бойынша техникалық қызметтермен жұмыс жүргізеді
- бөлімше қызметкерлері тұтынушылардың өтініштері негізінде телекоммуникация қызметтерін желіден ажырату үдерісін, сондай-ақ абоненттерді ұстап қалу және жылыстаумен жұмыс жүргізу үдерісіні бақылауды жүзеге асырады, өңірдегі негізгі тұтынушылардың қызметтерден бас тартуына жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдайды.
Талаптары:
- жоғары экономикалық/қаржылық/маркетингтік/техникалық білім / телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Ұқсас вакансиялар