Бюджеттеу және экономикалық зерттеулер басқармасының жетекші экономисті
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
11.08.2026
- Берілген өтінім:
- 29
- Қаралған саны:
- 268
Міндеттер:
- 1. Бизнес-жоспар мен бюджетті жоспарлау және қалыптастыру
ББӘ-мен өзара әрекеттесу:
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен (ББӘ) кеңестер өткізу және бизнес-жоспар жобасын қалыптастыру кезінде олармен бірге барлық шығыстар баптарын пысықтау (тиісті Хаттаманы рәсімдей отырып);
- Есептеулерді жүзеге асыру, бизнес-жоспарды әзірлеу, негіздеу және дайындау, сондай-ақ оған түсіндірме жазба жасау;
- Басшылықтың ескертпелері мен түсініктемелері бойынша бизнес-жоспарды пысықтау;
- Филиалдың бизнес-жоспарлары мен бюджетін уақтылы қалыптастыру, келісу және бекіту процедураларын жүргізу;
- Бизнес-жоспар шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдерді тексеруді жүзеге асыру және 1С:ЕРП жүйесінде бюджеттеу процестерінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Бюджетті түзету, орындау және мониторингтеу:
- ББӘ-ден сұратулардың түсуіне қарай Филиалдың бюджетіне/бизнес-жоспарына түзетулерді рәсімдеу және жүргізу (деректерді өңдеуді, есептеулерді дайындауды, түсіндірме жазбаларды дайындауды және 1С:ЕРП-ге өзгерістер енгізуді қоса алғанда);
- Бизнес-жоспар жобасы бойынша да, ББӘ-ден түсетін қызметтік жазбалар негізінде де Бюджеттік комиссияның (БК) хаттамаларын дайындау және материалдарын жасақтау;
- 1С:ЕРП жүйесі арқылы бекітілген бизнес-жоспардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру және сүйемелдеу;
- Филиалдың Өндірістік бағдарламасының орындалуын жүргізу, мониторингтеу және бақылау;
- Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге (ТЖҚ) маркетингтік бағаларға мониторинг жүргізу және алынған деректерді жинақтау (свод).
Есептілік және талдау:
- Филиал бюджетінің орындалуы туралы жедел, тоқсандық және жылдық есептілікті (ПжЗЕ/ОПиУ, АҚҚЕ/ДДС, ЕжЕЕ/ОТиР) жинақтау, талдау және қалыптастыру;
- Туындаған ауытқулардың (жоспар/факт) себептерін көрсете және талдай отырып, есептілікке егжей-тегжейлі түсініктемелер дайындау.
Өзара әрекеттесу және басқару:
- Бизнес-жоспарды қалыптастыру мәселелері бойынша ҚМҒИ АФ құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
- Бизнес-жоспар жобасын тапсыру, есептілік және түзетулер жүргізу мәселелері бойынша бас кеңсемен (Серуестікпен/Серіктестікпен) өзара әрекеттесу;
- Жылдық сатып алу жоспары (ЖСАЖ) / Негізгі сатып алу жоспарын түзету мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
- Алға қойылған міндеттерге сәйкес Бөлімшенің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- Кызметкерлердің жұмысын үйлестіру, тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау.
Жалпы міндеттер:
- Еңбек тәртібін, ҚР заңнамасын, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ақпараттың құпиялылығы талаптарын сақтау.
Талаптар:
- Жоғары экономикалық
- Кем дегенде 5 жыл
- Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл
- 1. ҚР Заңнамасы және нормативтік-құқықтық база
- ҚР Еңбек заңнамасы;
- ҚР Салық кодексі.
2. Қаржы-экономикалық блок және жоспарлау
- Есеп пен талдау негіздері:
- Қаржылық, басқарушылық және салықтық есеп негіздері;
- Өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістері.
Жоспарлау және бюджеттеу:
- Экономика және жоспарлау жұмыстарын, еңбекті және өндірісті басқаруды ұйымдастыру;
- Бизнес-жоспарлар мен бюджетті қалыптастыру, келісу, бекіту және түзету тәртібі (ішкі және сыртқы түзетулер);
- Бизнес-жоспардың қаржы-экономикалық модельдерін және түсіндірме жазбаларды жасау әдістемесі;
- Көрсеткіштердің ауытқу себептерін талдай отырып, бюджеттің орындалуы туралы есептілікті (жедел, тоқсандық, жылдық) қалыптастыру.
Құжаттамамен және сатып алулармен жұмыс:
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (ББӘ) бюджеттік өтінімдерін тексеру тәртібі;
- Маркетингтік бағаларға мониторинг жүргізу және деректерді жинақтау (свод) әдістемесі;
- Бюджеттік комиссия хаттамаларын дайындау.
- 1С:ЕРП (1С:ERP) жүйесінде бюджеттеу процестерін жүргізу (деректерді енгізу, түзетулер жүргізу, өтінімдерді тексеру) - Басқарушылық және ұйымдастырушылық дағдылар
- Алға қойылған мақсаттарға жету үшін бөлімше ішіндегі жұмыс процестерін тиімді ұйымдастыру, бақылау және оңтайландыру білігі.
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен (ББӘ), сабақтас бөлімдермен жұмысты ұйымдастыру қабілеті.
- Бюджеттік комиссия отырыстарын хаттамалау, басшылық құрам алдында жобаларды қорғау және ескертпелерді пысықтау дағдылары.
- Ықтимал қаржылық және операциялық тәуекелдерді анықтау, түзету іс-шараларын әзірлеу және сатып алу регламенттерінің сақталуын бақылау білігі.
Тұлғалық-іскерлік дағдылар
- Нәтижеге бағыттылық: Дұрыс есептілікті уақтылы тапсыруға және бизнес-жоспарларды белгіленген мерзімде бекітуге шоғырлану (фокусталу) қабілеті;
- Ашық коммуникация және ықпал ету: Бюджет баптарын дәлелді түрде қорғай білу, ББӘ және блок басшыларымен келіссөздер жүргізу, шығыстарды қысқарту немесе қайта бөлу кезінде ымыраға (компромисске) келе алу;
- Детальдарға көңіл бөлу және талдаушылық ойлау қабілеті: Сандармен жұмыс істеуде, сәйкессіздіктерді анықтауда және бюджеттік өтінімдерді тексеруде жоғары дәлдік көрсету;
- Күйзеліске төзімділік және дедлайндарды сақтау: Мерзімді есептілікті қорғау және тапсыру кезінде тығыз уақыт шеңберінде жұмыс істеу қабілеті.
Шарттар:
- Атырау қ.
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Ақтөбе» ЖШС жетекші бухгалтері
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе облысы
13.08.2026 | 233
410 783 - 429 234
Жетекші экономист (уақытша)
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
12.08.2026 | 150
Жалақы көрсетілмеген
Бюджеттеу және экономикалық зерттеулер басқармасының аға инженері (аутстаффинг, уақытша)
Филиалы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» | Қызметкер болмаған кезде
| Ақтау қ.
12.08.2026 | 379