Жетекші экономист (уақытша)
Жалақы көрсетілмеген
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
12.08.2026
- Берілген өтінім:
- 13
- Қаралған саны:
- 469
Лауазымның функционалы:
- қаржыландыру және қаржылық тиімділікті арттыру бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу;
- жобалық қаржыландыруды тарту, қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау, қаржыландыру шарттарын қалыптастыру, қарыздар бойынша есеп айырысу, уәкілетті органдардың шарттарымен келісу;
- жобалар бюджетінің атқарылуын қалыптастыру және бақылау, жобалардың құнын бақылау;
- инвестициялық жобалар шеңберінде қаржылық міндеттемелердің уақтылы орындалуын бақылау бөлігінде мердігерлік шарттарды сүйемелдеу, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу, сондай-ақ қаржылық құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
- қаржылық есептілікті жабу мәселелері бойынша аудиторлармен өзара іс-қимыл.
Біліктілік талаптары:
- жоғары экономикалық / қаржылық / техникалық білім;
- қаржылық / стратегиялық талдау, экономика және жоспарлау, болжау (модельдеу) саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Білімі мен дағдылары:
- мемлекеттік, орыс тілдерін білу, ағылшын тілін (құпталады);
- «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңдарын, бухгалтерлік есепті, салық, қаржы, азаматтық және еңбек заңнамаларын білу;
- ҚР Құрылыс кодексін білу, инвестициялық жобалардың құнын айқындау туралы нормативтік құжаттарды/заңға тәуелді актілерді білу;
- экономикалық жоспарлау саласында;
- инвестициялық және шоғырландырылған қаржы-экономикалық талдау, стратегиялық жоспарлау саласындағы білім;
- компанияның қаржылық-экономикалық модельдерін, даму жоспарын және қаржылық есептілігін құру және пайдалану саласындағы білім;
- презентацияларды дайындау, әзірленген шешімдерді көрсету дағдылары (міндетті);
- жұмыстарды/тауарларды/қызметтерді жеткізу шарттарын басқару және жұмыс істеу дағдылары;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары холдингтік компаниялардағы қаржылық және стратегиялық модельдеу тәжірибесі, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу, терең қаржылық талдау жүргізу дағдылары құпталады;
- Word, Excel, Power Point кеңсе қосымшаларының жетілдірілген пайдаланушысы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
«KTZ Express» АҚ Экономика және қаржы департаментінің басқарушылық есептілік және талдау тобының менеджері
АО «KTZ Express» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.09.2026 | 510
Жалақы көрсетілмеген
Не_вахта санатсыз жоспарлау жөніндегі инженер-экономист/сервистік орталықтың экономика және персоналды басқару жөніндегі топтың 2 - санаты (13.02.2026 ж. № 48-12-10/599-1 бірлік) Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.09.2026 | 1685
Бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.09.2026 | 882