Корпоративтік қауіпсіздік қызметінің маманы

«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
409

   Конкурс туралы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»

Міндеттері:

    1. Қабылданатын нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды олардың ішінде қызметкерлердің құқыққа қарсы әрекеттер жасауына алғышарт болатын осалдықтардың жоқтығын және тиісті алдын алу шараларының бекітілуін тексеру, талдау және сараптау;
    2. Экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау және талдау, оларды ескерту және барынша азайту бойынша барабар рәсімдер мен шараларды әзірлеу және енгізу;
    3. Серіктестік қызметкерлерімен әңгімелесулер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының нормаларын түсіндіруге арналған оқыту семинарларын өткізу, анықталған құқыққа қарсы фактілер және олар бойынша шығарылған сот актілері туралы мәліметтерді қызметкерлерге жеткізу;
    4. Қажет болған жағдайда жұмысқа қабылданатын қызметкерлерді, кандидаттарды олардың сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға қатыстылығын тексеру;
    5. Қажет болған жағдайда Серіктестікпен тиісті Шарттар негізінде өз қызметтерін көрсететін мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың қызметкерлерін олардың сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға қатыстылығын тексеру;
    6. Құзырет шегінде әлеуетті контрагенттердің және олардың басшыларының, құрылтайшыларының (қатысушылар/акционерлер) сенімділігін, аффилиирленгендігін, іскерлік беделін тексеру және зерделеу, сондай-ақ әлеуетті контрагенттер ұсынатын құжаттардың дұрыстығын растау;
    7. Тендерлік комиссиялардың, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу, бір көзден сатып алуды келісу, шарттарға қосымша келісімдер жасасуды келісу (негізділігін тексеру бөлігінде) және «Ерекше тәртіп» тәсілімен сатып алу жоспарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесін келісу;
    8. Құзырет шегінде сатып алу тәсілін таңдау әдісінің объективтілігі мен негізділігін, тендерлік құжаттамаларды, техникалық сипаттамаларды, бір көзден және «Ерекше тәртіп» бойынша жасасу жоспарланған шарттардың жобаларын тексеру және зерделеу;
    Қызметтің құзыретіне сәйкес ҚР заңнамасына және Серіктестіктің ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
  • Жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім;
  • Құқық қорғау және арнайы органдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, экономикалық немесе қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеуге байланысты лауазымдарда.

Білім мен дағдылар:

  • Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, заңды тұлғалардың қызмет тәртібі туралы нормативтік-құқықтық актілер; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнама;
  • Іскерлік қарым-қатынас этикасы;
  • Ұйымның қызмет саласы және экономикалық қызмет түрі;
  • Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  • Еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;
  • БиОТ, ООС және ГЗ бойынша заңнамалық талаптар мен ішкі нормативтік құжаттар және оларды сақтау.
  • Жауапты;
  • Орындаушы;
  • Ынталы;
  • Коммуникабельді;
  • Көп тапсырмалы режимде және ақпарат көлемі үлкен жағдайда жұмыс істей алатын;
  • Приоритеттерді дұрыс қоя білетін;
  • Мәселелерді шешудің тамаша дағдылары;
  • Жоғары аналитикалық қабілеттер.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр