Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің экономисі

305 042 - 325 042 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
774

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Жұмыстарды (қызметтерді) орындау шарты бойынша жұмыс істейтін персоналдың орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін дайындауға қатысу.

  2. ӘШБ бюджетін жасауға қатысу, түзетулер енгізу, 1С КУФИБ жүйесінде өтінімдер жасау.

  3. Шарттарды жасасу үшін материалдарды рәсімдеу, шарттық міндеттемелердің орындалу мерзімдерін қадағалау.

  4. Шаруашылық меңгерушісінің, жалпы мәселелер жөніндегі директордың жекелеген тапсырмаларын орындау.

  5. Жұмыс уақытын есепке алу табельдерін жасау.

  6. ӘШБ персоналының еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын, жұмысқа келмеу себептерін рәсімдеу және есепке алу.

  7. ӘШБ персоналының демалыс жазбаларын рәсімдеу.

  8. ӘШБ персоналының демалыс кестелерін жасау.

  9. Персоналмен жұмыс істеудің жылдық жоспарларын әзірлеу, жасау және басшыға бекітуге ұсыну.

  10. Персоналдың білімін тексеру нәтижелерін құжаттамалық түрде рәсімдеу (білімді тексеру хаттамалары, журналдардағы жазбалар).

  11. Техникалық құжаттаманы (өкімдер журналдарын, жұмыс орнындағы нұсқамаларды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала және жыл сайынғы оқытуларды) өз уақытында жүргізу және оның жүргізілуін бақылау.

  12. Әкімшілік-шаруашылық бөліміне қатысты қызметтік жазбаларды, хаттарды, бұйрықтарды, нұсқауларды и т.б. құрастыру.

  13. Құрылымдық бөлімше туралы ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды, жұмыскерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және жасау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз ету.

  14. Нұсқаулықтарды, өкімдерді білуі міндетті персоналдың назарына нұсқаулықтардағы, өкімдердегі өзгерістер туралы ақпаратты өз уақытында жеткізу (өкімдер журналына жаза отырып).

  15. Нұсқаулықтар мен техникалық құжаттамалардың тізбелерін әзірлеу және басшыға бекітуге ұсыну, оларды белгіленген мерзімде қайта қарау.

Осы нұсқаулықта тікелей көзделмеген, бірақ лауазым бойынша жұмыс сипатынан туындайтын жұмыстардың барлық түрлерін орындау.

 Талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық). Кәсіби саладағы жұмыс өтілі (бейіні/ұзақтығы): қызмет бейініне сәйкес кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы