Вахта емес_ қойма шаруашылығының тепловоз машинисінің көмекшісі (31.07.2026 ж. № 60-02-05/2206а өтінім - 1 бірлік - Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Лауазымдық жауапкершілік:
Істей алуы тиіс: тепловоз машинисінің көмекшісі үшін нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді жүргізу; тепловозды қабылдауға және тапсыруға қатысу; жабдықтауды, тораптар мен бөлшектерді майлауды, Тепловозды жұмысқа дайындауды орындау; тепловозды бірінші вагонмен тіркеуді орындау: тежегіш магистралінің құрастырмалы жеңдерін қосу, тежегіш магистралінің шеткі крандарын ашу; тепловозды құрамнан ағыту: тежегіш магистралін алдын ала ажыратумен автотіркегіштерді ағыту; тепловоз машинисінің тепловозды күту және жүру жолындағы тораптар мен агрегаттардың жай-күйін бақылау жөніндегі тапсырмаларын орындау; тиісті нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес өздігінен қозғалуды болдырмау үшін тепловозды немесе поезды бекітуді жүргізу; теміржолдың бостығын, түйіспе желісінің, қарсы поездардың жай-күйін, поездық және маневрлік маршрутты дайындаудың дұрыстығын, бағдаршам сигналдарының, сигнал белгілерінің, поезд қозғалысы процесіндегі көрсеткіштердің, теміржол көлігі қызметкерлері беретін сигналдардың көрсеткіштерін бақылауды жүргізу, оларды тепловоз машинисімен қайталау және оларды орындау; белгіленген сигналдарды беруді, поездар қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың нормативтік құжаттарға сәйкес жедел өкімдерін орындау; локомотив бригадасының жұмыс регламентінде белгіленген көлемде жүру жолында туындаған тепловоздағы ақауларды жоюға қатысу.Білім:
Орта (кәсіптік және техникалық)Дағдылар:
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін тепловоз жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі; тепловоздың техникалық сипаттамасы; тепловозды күтіп ұстау және баптау тәртібі; тежегіштердің құрылысы және оларды басқару технологиясы; теміржол профилі; жол белгілері; қызмет көрсетілетін учаскеде белгіленген қозғалыстың барынша рұқсат етілген жылдамдығы; тепловоздарды пайдалануда техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық; механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері; жылжымалы құрамды тіркеу және ажырату ережесі; тежегіш табандықтарды пайдалану ережесі; темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі; темір жолдардағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық; темір жолдардағы сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық және орындалатын жұмыстар шеңберіне жататын басқа да нормативтік актілер; Қызмет көрсетілетін темір жол станцияларының, учаскелердің техникалық-өкімдік актілері; поездар қозғалысының кестесі; Электротехника негіздері. Тепловоз машинисі көмекшісінің кәсіби дайындығы және куәлігі талап етіледі.Қосымша:
1. Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - 1 жылдан кем емес белгілі мерзімге (1 жыл) 2. Негізгі лауазымдық міндеттер 3. Еңбек жағдайларының сипаттамасы - зақымдану қаупі бар факторлардың әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары: қозғалыстағы жылжымалы құрам, шу, діріл және химиялық заттардың: көміртек оксидтерінің, азоттың, альдегидтердің және мұнай өнімдерінің әсері 4. Жұмыс режимі және демалыс: - белгіленген кестеге сәйкес 5. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 148630 теңгеден бастап 308198 теңгеде дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 6. Тағылымдама - 30 жұмыс күні мерзіміне белгіленеді "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде); * бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Вахта емес _ сервистік орталықтың Өндірістік емес объектілерге қызмет көрсету жөніндегі өндірістік және қызметтік үй-жайларды вахта емес жинаушы 2-разрядты (03.07.2026 жылғы № 48-12-10 / 2759 өтінім) - Өскемен қ. - 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
13.08.2026 | 270
ВАХТА ЕМЕС_Уран өндірісі "Р" цехының 4 разрядты аппаратшысы (27.03.2026 № 46-06-21/2067 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
11.08.2026 | 429
НЕ ВАХТА_Уран өндірісінің «В» цехы. 3-разрядты дезактиваторшы (№46-06-21/3514 от 02.06.2026) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.08.2026 | 411