Ішкі аудит қызметінің жетекші маманы Корпоративтік және қаржылық аудит секторы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.- Құрылған күні:
-
12.08.2026
- Берілген өтінім:
- 16
- Қаралған саны:
- 482
Білімге қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіби білім.
- Экономикалық және/немесе қаржылық және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе құқықтану.
- МВА дәрежесінің немесе менеджмент немесе экономика/қаржы бойынша магистр дәрежесінің болуы (қалаулы).
Төмендегі сертификаттардың бірінің болуы қалаулы:
• ішкі аудит саласындағы CIA сертификаты (Certified Internal Auditor);
• ACCA сертификаты (Association of Certified Chartered Accountants) — бухгалтер-кеңесші;
• CIPA сертификаты (Certified International Professional Accountant) — халықаралық кәсіби бухгалтер;
• CPA сертификаты (Certified Public Accountant) — жоғары білікті бухгалтер;
• DipIFR дипломы (Diploma in International Financial Reporting);
• DipCPIA дипломы (Certified Professional Internal Auditor);
• CFE сертификаты (Certified Fraud Examiner) — алаяқтықты тергеу жөніндегі маман;
• Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия;
• ҚР кәсіби бухгалтер-практигі.
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- Кәсіби салада және/немесе ішкі аудит саласында және/немесе халықаралық аудиторлық және консалтингтік компаниялардың сыртқы аудит саласында жұмыс тәжірибесі.
- Кемінде 4 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл аудит саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
• Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу;
• Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын, рәсімдері мен әдістерін білу;
• Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша;
• Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін білу;
• Корпоративтік басқарудың қағидаттары мен үздік тәжірибелерін білу;
• Алаяқтық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын басқару саласындағы білім;
• Мұнай-газ саласындағы компаниялардың қызмет ерекшелігін және негізгі бизнес-процестерін білу;
• Аудиторлық тексерулер жүргізу, алаяқтық фактілерін тергеу дағдылары;
• Бизнес-процестерді және бақылау мен басқару жүйелерін талдау дағдылары;
• Үздік тәжірибелерге сәйкес бақылау рәсімдерін енгізу және оңтайландыру дағдылары;
• Аудиторлық рәсімдер процесінде автоматтандырылған әдістерді қолдану саласындағы дағдылар;
• Құпия ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары;
• Ағылшын тілін білу (қалаулы), сондай-ақ қазақ және/немесе орыс тілдері.
Функционалдық міндеттер (не істеледі, қандай мақсатпен және кім үшін):
1. Корпоративтік және қаржылық аудит саласындағы жоспарлы аудиторлық тексерулерді басқару.
1.1. Аудиторлық тексерулерді орындау.
1.1.1. Тексеруді бастау, жоспарлау немесе дайындау.
• Жоғары тәуекел дәрежесі бар аудиторлық тапсырманы жоспарлау бөлігінде аудиторлық тапсырма жетекшісіне жәрдемдеседі. Аудиторлық тапсырманы әзірлеу үшін ақпаратты жинайды және талдайды;
• Аудит объектісін алдын ала тексеру процесінде аудиторлық тапсырма жетекшісіне жәрдемдеседі.
• Аудит объектісіне қатысты ақпарат пен құжаттарды жинауды және талдауды жүзеге асырады;
• Аудиторлық тапсырманың бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
• Аудит объектісінің басшылығы және өкілдерімен таныстыру кездесулеріне қатысады;
• Қызмет басшылығы тағайындаған кезде жоғары және орта тәуекел дәрежесі бар корпоративтік және қаржылық аудит саласындағы аудиторлық тапсырмаларға басшылық етеді;
• Қызмет басшылығы аудиторлық тапсырманы тағайындаған кезде аудит объектісі өкілдерімен кездесулерді ұйымдастырады және қадағалайды.
1.1.2. Тексеру объектісінде жұмыстарды орындау.
• Бекітілген аудиторлық тапсырма бағдарламасы шеңберінде аудиторлық рәсімдерді орындайды;
• Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша жұмыс құжаттамасын дайындайды;
• Анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар әзірлейді және оларды аудиторлық тапсырма жетекшісімен келіседі;
• Аудит объектісі өкілдерімен бірге анықталған кемшіліктер нәтижелері және оларды жоюға ұсынылатын ұсынымдар бойынша талқылауларға қатысады;
• Қызмет басшылығының, Аудит жөніндегі комитеттің, Директорлар кеңесі мен КМГ Басқармасының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс аудиторлық тапсырмаларды орындайды;
• «Самұрық-Қазына» АҚ-пен синергиялық аудиттер жүргізу шеңберіндегі аудиторлық тапсырмаларды орындайды;
• Аудиторлық тексерудің бағдарламасын әзірлейді және оны аудиторлық тапсырма жетекшісі тағайындаған кезде Қызмет басшылығымен келіседі;
• Аудиторлық тапсырма жетекшісі тағайындаған кезде аудиторлық топтың қызметін үйлестіреді;
• Аудиторлық тапсырма жетекшісі тағайындаған кезде аудитті жабу мақсатында аудит объектісімен кездесулерді ұйымдастырады және қадағалайды;
• Аудиторлық топ мүшелерінің жұмыс құжаттарының толықтығы мен дұрыстығын, анықтамалар парақтарын немесе аудит нәтижелері бойынша бақылау парақтарын тексереді.
1.1.3. Аудиторлық есепті және түзетуші іс-қимылдар жоспарын қалыптастыру.
• Аудиторлық есепті қалыптастыру және шығару процесіне жәрдемдеседі;
• Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша есепті басшылықпен және аудит объектісі өкілдерімен келісу процесіне қатысады. Аудит объектісі басшылығымен талқылаулар нәтижелері бойынша есепке түзетулер енгізеді;
• Аудит объектісімен түзетуші іс-қимылдар жоспарын әзірлеу процесіндегі талқылауларға қатысады;
• Ағымдағы тексеру нәтижелері бойынша келесі жылға арналған аудиторлық жоспарға жаңа бағыттарды/процестерді енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
• Есепті мүдделі тараптарға таратады (атап айтқанда, оны Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне әрі қарай ұсыну үшін);
• Аудиторлық тапсырманың жұмыс құжаттамасын талап етілетін әдістемелік стандарттарға сәйкес ресімдейді.
1.2. Ұсынымдардың орындалуын бақылау.
• Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдарды іске асыру процесін сүйемелдейді;
• Ұсынымдардың іске асырылуын мониторингтейді, сондай-ақ Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне бизнестің ерекшелігін ескере отырып сәйкессіздіктерді жоюдың оңтайлы нұсқаларын анықтайды және ұсынады;
• Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдарды іске асыру шеңберінде Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне кәсіби консультациялар мен сараптама ұсынуды қамтамасыз етеді.
1.3. Қызмет қызметін мониторингтеу.
• Қызмет тиімділігін бағалау процесіне қатысады;
• Қызмет функциясын жетілдіру мақсатында Қызмет басшылығынан ұсынымдардың орындалу мәртебесі туралы және/немесе сыртқы тексерулер нәтижелері бойынша ақпарат дайындайды;
• Қызмет қызметі туралы есептілікті қалыптастыру процесіне қатысады.
2.2. Компания басшылығының мотивациялық КПД орындалуын мониторингтеу.
• КМГ Басқарма мүшелері мен корпоративтік хатшының мотивациялық КПД орындалуы нәтижелері бойынша деректерді жинауды, талдауды және тексеруді жүзеге асырады;
• КМГ Басқарма мүшелері мен корпоративтік хатшының мотивациялық КПД орындалуы нәтижелері бойынша сыйақы төлемдерін есептеудің дұрыстығын тексереді.
2.3. Алаяқтық жасау тәуекелін бағалау және алаяқтықты тергеуге қатысу.
• КМГ компаниялар тобы бойынша алаяқтық жасау тәуекелін және алаяқтық тәуекелін басқарудың тиімділігін бағалайды;
• Аудиторлық тексерулер нәтижесінде анықталған алаяқтық және ұрлық фактілері туралы Қызмет басшылығын хабардар етеді;
• Тергеу жүргізуге арналған жұмыс бағдарламасын әзірлеуге жәрдемдеседі;
• Тергеу бағдарламасына сәйкес сұхбат жүргізу, ақпарат пен құжаттарды жинау және талдау рәсімдерін орындайды;
• Тергеу жүргізу процесінде Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және басшылығымен талқылауларға және жұмыс кездесулеріне қатысады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп