Маңғыстау мұнайқұбыры басқармасының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
462

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау;

    2) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша актілерінің талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    3) өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі саласындағы сәйкессіздіктерді, бұзушылықтарды анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде және жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек қауіпсіздігі саласындағы құжаттаманы ресімдеу және жұмысты жүргізу бойынша басшылар мен мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

    4) өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігін талдауды, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі ішкі бақылау және мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары анықтаған қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзылуын талдауды жүзеге асыру, түзетуші және ескертуші іс-қимылдар жоспарларында көзделген жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    5) еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі қызметтердің ұсыныстары мен ұсынымдарын қарастыру, оларды қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі саласындағы бағдарламаларға енгізу қажеттілігін айқындау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

    6) еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өкімдік құжаттардың жобаларын (ережелер, бұйрықтар, өкімдер, кестелер, жоспарлар және т.б.) дайындау, қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, нұсқама беру бағдарламаларын, жадынамаларды әзірлеу, оларды белгіленген тәртіппен қайта қарау, өндірістік бөлімшелерді нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

    7) өндірістік объектілерде қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыруды тексерулерді жүзеге асыруға қатысу;

    8) жекелеген учаскелерде, машиналарда, механизмдерде және станоктарда жұмыс істейтіндердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлар анықталған кезде шаралар қабылдау. Еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының талаптарын бұзуға жол берген жекелеген тұлғаларды жұмыстан шеттету жөнінде ұсынымдар беру (тиісті бөлімшелер басшылары арқылы);

    9) объектілерде болған жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алу, олардың себептерін талдау, болған жазатайым оқиғалар туралы қызметкерлерге ақпаратты жеткізу. Белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде жазатайым оқиғалар, жарақаттану, қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі жағдайы туралы есептерді жасау және ақпарат ұсыну;

Талаптар:

  • Сәйкес бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр