Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер (өндірістік бақылау)

ЖШС "Тау-Кен Алтын" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
6806

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу;
  • қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыру;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрғысынан тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ұйым басшысының жазбаша өкімімен ғана жойылуы мүмкін анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына орындалуы міндетті нұсқама беру;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
ұйымның басшысына:
  • өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
  • қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсеріне әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру туралы;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы;
  • ұйымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алу;
  • қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізу және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы сақтау;
  • қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • қауіпті өндірістік объектілер қызметкерлерінің назарына Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жеткізу;
  • қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан болған аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеуге қатысу (қажет болған жағдайда);
  • жабдыққа техникалық куәландыру жүргізуді бақылау;
  • авариялар мен инциденттерді тексеру жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • мемлекеттік органдардың нұсқамаларының орындалуын бақылау;
  • өндірістік бақылау журналын жүргізу;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша тоқсан сайынғы есептілікті дайындау.

Талаптар:

  • Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экология саласындағы лауазымдарда кемінде 3 жыл;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология жөніндегі сертификаттың болуы.

Шарттар:

  • Еңбек заңнамасына сәйкес ресімдеу;
  • Толық әлеуметтік пакет;
  • Тасымалдау;
  • Ерікті медициналық сақтандыру.

Қажетті қабілеттер

  • Производственный контроль

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы