Лауазымдық жауапкершілік:
4-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; аспап пен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу; жөндеу орнында шойын радиаторларын топтастыру және қосып топтастыру; жылыту панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктардың құбырларын жалғау; бөлшектер мен аспаптарды піспекті пистолет арқылы бекіту; шаю шанашығын, әртүрлі ванналарды, шұраларды, крандарды, үшқозғалтқыштылардан басқа, әртүрлі шұңғылшаларды, раковиналарды, араластырғыштарды, қолжуғыштарды, дәретханаларды, сору шкафтарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.
5-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; шойын құбырларынан құбырлардың учаскелерін ауыстыру; құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу; аппаратураны, су жылытқыштарды, ауа жинағыштарды, колонкаларды, үшқозғалтқышты крандарды, айқыштарды, манометрлерді, секциялық бұрмаларды, су өлшегіш шыныларды, үшайырларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.
6-разряд: меңгеруі керек: орталықтандырылған жылытудың, сумен қамтуды, кәріз және су әкетудің санитарлық-техникалық жүйелердің күрделі детальдары мен түйіндерін ашу, жөндеу және құрастыруды; санитарлық-техникалық жүйелерді сынау; аппаратураны тексеру және сынау; бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу; бойлерді, инжекторларды, калориферлерді, бу қазандықтарын, автоматты өрт сөндіру жүйелерін, термореттегіштерді, жану құрылғыларын ашу, жөндеу және құрастыруды.
Білім:
Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес Дағдылар:
4-разряд: білуі керек: болат және полимерлі құбырлардан жасалған санитарлық-техникалық құбыржолдық жүйелердің құрылысы мен жөндеу тәсілдерін; піспекті пистолет құрылысын және олармен жұмыс істеу ережесін; аспаптар мен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу тәсілдерін; санитариялық және жылыту аспаптарын орнату ережесін.
5-разряд: білуге тиіс: білуі керек: әртүрлі санитарлық-техникалық құбыржолдық жүйелерінің құрылысы мен жөндеу тәсілдерін; құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу тәсілдері.
6-разряд: білуге тиіс: санитарлық-техникалық жүйелер мен арматураларды сынау ережелерін; қазандықтарды, бойлерді, калориферлер мен сорғыларды даярлау және сынау тәсілдерін.
Қосымша:
Еңбек шартының мерзімі/ауыстыру мерзімі: - белгісіз мерзімге;
- белгілі бір мерзімге кемінде 1 жыл (1 жыл).
Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - иондаушы сәулеленудің әсеріне байланысты 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары;
- егер айына ең жоғары доза 0,42 мЗв-тан асатын болса, Радонның және олардың қысқа өмір сүретін еншілес ыдырау өнімдерінің мөлшері жоғары жағдайларда мерзімді жұмыстармен шартталған зиянды еңбек жағдайлары.
Жұмыс және демалыс режимі
-5 күндік жұмыс аптасында 7.30-дан 14.42-ге дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі/
бекітілген ауысым кестесіне сәйкес.
Демалыс түрлері (күнтізбелік күндерде):
- негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24,
- зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы 21
Лауазымдық жалақының мөлшері / грейд 148 630-дан 308 198 теңгеге дейін;
163 493 тен 339 018 теңгеге дейін;
179 842-ден 372 920 теңгеге дейін.
* "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: • мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); * қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жылдағы жұмыс (1-ші Дорабқа дейінгі мөлшерде); * 2 дораб мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде); * бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.Білетін тілдер:
-