«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Инфрақұрылым қауіпсіздігі департаментінің мониторингі және бақылау жөніндегі менеджері (15 грейд)

от 482 846
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
82

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде және Филиалдарда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды және техникалық аудит, кенеттен тексерулер жүргізуді ұйымдастырады;
  • НТД талаптарын сақтауды және өзектендіруді, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық техникалық құжаттаманы пайдалану мониторингін бақылайды;
  • қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылықтардың себептерін, салдарын, қауіптері мен тәуекелдерін, сондай-ақ тартылған қызметкерлердің кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, мониторингті жүзеге асырады;
  • Жол объектілері бойынша жиынтық талдауларды, анықтамаларды, есептерді, жадынамаларды, телеграфтық нұсқауларды, талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындайды, сондай-ақ жиынтық талдауға қосу үшін ұсыныстар береді;
  • Басқарманың және Филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, техникалық құралдарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, дайындауға және іске асырылуын талдауға қатысады;
  •  Поездардың қауіпсіздігін тексеру нәтижелері бойынша дирекцияда жедел және конференц-байланыстарды ұйымдастырады;
  • Мемлекеттік органдармен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да ұйымдармен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • Дирекцияның филиалдарымен, құрылымдық бөлімшелерімен шаруашылықтардың қысқы, көктемгі және күзгі кезеңдегі жұмысқа дайындығы бойынша ескертулерді жою бойынша қорытындыны, орындалуын талдауды, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға бағытталған тексерулерді бақылауды жүзеге асырады;
  • Дирекцияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруға жеке қатысу нормаларын сақтауын бақылау;
  • қадағалаушы және уәкілетті органдардың тексерулері қорытындысы бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуын жоюды бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы