Теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс жөніндегі мамандандырылған жасақтың - теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының жетекші инженері

от 441 859
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
162

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, сынау мерзімдерінің, электр қорғаныш және сақтандыру құралдарының сақталуын, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен уақтылы қамтамасыз етілуін, жұмыскерлерді жуу құралдарымен қамтамасыз етілуін, емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады,
  • Жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізуге, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдауға қатысады,
  • Еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептерді жасайды, еңбекті қорғау жай-күйіне талдау жүргізеді, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есептілікті жүргізеді ,
  • Кіріспе және бастапқы нұсқама бағдарламаларын әзірлейді, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген жаңадан қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, оқушыларға студенттерге кіріспе нұсқама өткізуді жүзеге асырады,
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру кестесін жасайды, білімін тексеру кезінде комиссияға қатысады, білімін тексеру нәтижелерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз етеді, жаңадан қабылданған қызметкерлердің уақтылы оқуын және білімін тексеруді бақылауды жүзеге асырады,
  • Еңбекті қорғау мәселелері бойынша бұйрықтардың, шешімдердің, нұсқаулықтардың, өкімдердің, әдістемелік және шолу құжаттарының жобаларын дайындауды жүзеге асырады,
  • Қауіптер мен тәуекелдер, елеулі тәуекелдер тізілімін қалыптастыруды жүзеге асырады және әрбір бөлімшеде тәуекелдер мен қауіптер тізбесінің болуын қамтамасыз етеді,
  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, елеулі және жол берілмейтін тәуекелдерді жою, төмендету немесе төмен тұрған санатқа ауыстыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асырады,
  • Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қорғау қажеттіліктері үшін шығыстар мен сатып алу жоспарын қалыптастыруды жүзеге асырады,
  • Электр қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар, өкімдер мен жергілікті актілерді (әрбір цехқа арналған қорғаныс құралдары мен құрылғыларының бекітілген тізбесі, ПТЭ және ПТБ нормалары мен ережелерін білуін тексеру жөніндегі оқу бағдарламалары (Конспектілер), біліктілік тобының 2 және одан жоғары қызметкерлері үшін, сондай-ақ рұқсаттаманың 1 тобына және т. б.) әзірлеуді жүзеге асырады,
  • Жауапты тұлғалардың электр қауіпсіздігі мәселелеріне уақтылы оқытылуын бақылауды жүзеге асырады,
  • Қызметкерлердің электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша білімдерін тексеру кестесін әзірлейді, электр қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеруге қатысады, білімдерін тексеру нәтижелерін ресімдейді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау","Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс"
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының қашықтықтан технологияларды дамыту секторының менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  23
от 482 846
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының Оқу - әдістемелік жұмысы бөлімінің менеджері (14 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  22
415 248 - 622 872
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалы Астана пайдалану вагон депосының Нұр-Сұлтан станциясына техникалық қызмет көрсету пунктінің 1-топтағы вагон депосының шебері
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  29
436 030 - 454 482