"Қазпочта" АҚ Логистика және жүк тасымалы департаменті директоры

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
114

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Активтер құрылымының өзгерістерін басқаруды қамтамасыз ету.
    2. Почта қызметтерін көрсету бойынша операциялық қызметті дамыту шеңберінде магистральдық желіні модельдеу.
    3. Почтаны тасымалдау процесі бөлігінде Қоғамның Стратегиясы мен Даму жоспарын, сондай-ақ Операциялық стратегияны әзірлеуге қатысу.
    4. Активтерге қызмет көрсету нормативтерін басқару.
    5. Қолда бар ішкі әлеуетті тиімді пайдалану мүмкіндіктерін айқындау.
    6. Ресурстарға қажеттілікті басқару.
    7. Жұмыстарды басымдықтарға сәйкес айқындау және бөлу.
    8. Жөндеу жұмыстарын дайындау және жүргізу.
    9. Жұмыстардың орындалуын, оның ішінде қажетті тәжірибесі мен техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлердің ішкі бақылауын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау.
    10. Қызметкерлерді Қоғамның Тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ынталандыру, сондай-ақ ұзақ мерзімді құнның өсуі мен тұрақты дамуына және соған сәйкес қабылданатын шешімдер мен жасалатын/жасалмайтын әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жауапты болу.
    11. Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарлары мен бағдарламалары шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
    12. Заңнама және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес департаменттің, сондай-ақ бағынысты қызметкерлер мен жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.
    13. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен өзара іс-қимыл жасау.
    14. Құрылымдық бөлімшенің «Қазпошта» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару саясаты мен «Қазпошта» АҚ-ның Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
    15. Құрылымдық бөлімше қызметкерлерін оқыту және олардың «Қазпошта» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару саясаты мен Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау қағидаларының талаптары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру.
    16. Құрылымдық бөлімшеде тәуекелдер бойынша өзін-өзі бағалауды дайындау мен жүргізуді үйлестіру.
    17. Өзінің құрылымдық бөлімшесі шеңберінде тәуекел оқиғалары туралы ақпаратты Тәуекелдер бойынша инциденттер базасына толық әрі уақтылы жинауды (тәуекелді/оқиғаны сәйкестендіру, бағалау) және ұсынуды қамтамасыз ету.
    18. Тәуекелдердің негізгі индикаторларын қалыптастыруға қатысу.
    19. Тәуекелдердің негізгі индикаторлары туралы ақпаратты толық әрі уақтылы жинауды және тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеге ұсынуды қамтамасыз ету.
    20. Құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері шеңберіндегі процестік тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел көрсеткіштерінің мәндеріне тұрақты мониторинг жүргізу.
    21. Құрылымдық бөлімшенің бизнес-процестері шеңберінде тәуекелдерді барынша азайту/басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және оларға қатысу.
    22. Тәуекелдер мониторингін жүргізу және Тәуекелдер жөніндегі комитетке есептер ұсыну.
    23. Құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін қызмет бағыттарын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды (ІНҚ) әзірлеу және өзектендіру, оларды Қоғам Басқармасының/Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну, бекітілген құжаттарды Қоғамның ішкі корпоративтік порталында орналастыру.
    24. Иесі құрылымдық бөлімше болып табылатын тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеу.
    25. Құрылымдық бөлімше басқаруына қатысатын тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу.
    26. Иесі/қатысушысы құрылымдық бөлімше болып табылатын процестік тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел көрсеткіштерінің мәндеріне тұрақты мониторинг жүргізу.
    27. Иесі құрылымдық бөлімше болып табылатын процестерде қалыптастырылатын/айналымда болатын негізгі тәуекел көрсеткіштерінің мәндері туралы ақпаратты басшылыққа ұсынуды қамтамасыз ету.
    28. Ішкі және сыртқы коммуникациялар үшін ақпарат ұсыну.
    29. Құрылымдық бөлімшенің функционалдық міндеттері шеңберінде филиалдармен өзара іс-қимыл жасау.
    30. Бюджеттік және орта мерзімді жоспарлау рәсімдеріне қатысу.
    31. Сатып алуды және жабдықтауды жоспарлау мен ұйымдастыру рәсімдеріне қатысу.
    32. Құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін шығыстар баптары бойынша бюджетті жоспарлау.
    33. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджетті толық әрі уақтылы игеруді қамтамасыз ету.
    34. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Құрылымдық бөлімшенің құжаттарын тіркеуді, жүргізуді және сақтауды қамтамасыз ету.
    35. Қажетті ішкі және сыртқы есептіліктің барлық нысандарын қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
    36. Құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін қызмет бағыттары шеңберінде әдістемелік материалдар мен ұсынымдық хаттарды жолдау, практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
    37. Қоғамның стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссияларға қатысу.
    38. Қызметкерлерге, реттеуші органдарға, сыртқы ұйымдар мен клиенттерге жеткізу мақсатында Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі және сыртқы интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыруды қамтамасыз ету.
    39. SAP ERP жүйесінде жұмысты ұйымдастыру.
    40. SAP ERP жүйесінде жұмыстардың орындалуын бақылау.

Талаптар:

  • Жоғары білім бейіні бойынша: байланыс және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе логистика және жүк тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе «Қазпошта» АҚ қызметінің тиісті саласы бойынша.

    «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің және/немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны құпталады.

  • Мамандығы бойынша және/немесе өндірісте және/немесе логистика және/немесе маркетинг саласында және/немесе ұйымның экономикалық қызмет бейініне сәйкес келетін салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 3 жыл және/немесе «Қазпошта» АҚ-да төмен тұрған лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
  • Астана