"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС өндірістік әзірлеу басқармасының сарапшысы

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
96

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Высшее (или послевузовское) профессиональное образование по соответствующему профилю деятельности, техническое в области IT
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Не менее 6 лет, не менее 3 лет желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или областях, соответствующих функциональным направлениям должности
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
HTML5, CSS3 және JavaScript тілдерін білу;
Бейімделетін және кросс-браузерлік беттеу қағидаттарын білу;
React, Vue немесе Angular сияқты заманауи JavaScript фреймворктері мен кітапханаларын білу;
Sass, Less және БЭМ секілді CSS препроцессорлары мен стильдерді ұйымдастыру әдістемелерін білу;
Vite, Webpack, npm немесе Yarn сияқты жинақтау және тәуелділіктерді басқару құралдарын білу;
RESTful және GraphQL API-мен өзара әрекеттесу қағидаттарын білу;
Git код нұсқаларын басқару жүйесін білу;
Веб-интерфейстердің өнімділігін оңтайландыру, қолжетімділік және қауіпсіздік негіздерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
HTML, CSS және Bootstrap технологияларын пайдаланып веб-интерфейстер жасау дағдысы;
JavaScript және TypeScript тілдерінде кодты оқу, жазу және жөндеу дағдысы;
CSS препроцессорларымен, жинақтау жүйелерімен және тәуелділіктерді басқару құралдарымен жұмыс істеу дағдысы;
Кросс-браузерлік, бейімделетін және семантикалық беттеу жасау дағдысы;
React, Vue немесе Angular сияқты заманауи JavaScript кітапханалары мен фреймворктерімен жұмыс істеу дағдысы;
Қолданылатын фреймворкті ескере отырып, frontend-қосымшалардың құрылымы мен архитектурасын жобалау дағдысы;
Vite және Webpack сияқты шаблонизаторлармен, жинақтау жүйелерімен және бандлерлермен жұмыс істеу дағдысы;
Git нұсқаларды басқару жүйесімен және GitLab платформасымен жұмыс істеу дағдысы;
Frontend-қосымшаларды RESTful және GraphQL API-мен интеграциялау дағдысы;
Оқуға ыңғайлы, масштабталатын және сүйемелдеуге қолайлы frontend-код жазу дағдысы.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Өнім архитектурасын жобалауға және тиімді техникалық шешімдерді таңдауға қатысады;
Дизайнерлермен және команданың басқа мүшелерімен бірлесіп бағдарламалық өнімнің веб-дизайнын әзірлеуге қатысады;
Бағдарламалық қамтамасыз етудің frontend және microfrontend бөліктерін жобалайды және әзірлейді;
Веб-сайттардың, интерфейстердің, электрондық пошта таратылымдарының және шаблондардың беттелуін әзірлейді;
Frontend-қосымшалардың қолданыстағы функционалын жетілдіреді, қолдайды және дамытады;
Frontend-жобаларға code review жүргізеді және рефакторинг жасайды;
Кодты оңтайландырады, оның өнімділігін арттырады және функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
Frontend-бандлдардың көлемін және веб-қосымшалардың жүктелу жылдамдығын оңтайландырады;
Модульдік, интеграциялық және пайдаланушылық тесттерді әзірлейді және іске қосады;
Frontend-қосымшалардың жұмысындағы қателерді талдайды және жояды;
Frontend-қосымшаларды backend-сервистермен және API-мен интеграциялайды;
Backend-әзірлеушілермен, дизайнерлермен, тестілеушілермен және команданың басқа мүшелерімен өзара әрекеттеседі;
Frontend-шешімдер мен компоненттер бойынша техникалық құжаттаманы жүргізеді.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр