"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС өндірістік әзірлеу басқармасының сарапшысы

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
115

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Высшее (или послевузовское) профессиональное образование по соответствующему профилю деятельности, техническое в области IT
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Не менее 6 лет, не менее 3 лет желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или областях, соответствующих функциональным направлениям должности
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Қосымшалардың серверлік архитектурасын құру қағидаттарын білу;
Микросервистік және монолиттік архитектуралардың ерекшеліктерін білу;
SOLID қағидаттарын және негізгі жобалау үлгілерін білу;
Клиент-серверлік өзара әрекеттесу қағидаттарын және HTTP хаттамасын білу;
RESTful және GraphQL API әзірлеу қағидаттарын білу;
Реляциялық және NoSQL дерекқорларымен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу;
Контейнерлеу және оркестрациялау қағидаттарын білу;
CI/CD тәсілдері мен DevOps тәжірибелерін білу;
Асинхронды бағдарламалау негіздерін білу;
Мониторинг, лог жүргізу және үлестірілген трассалау жүйелерін білу;
Backend жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін білу;
Python бағдарламалау тілін, оның стандартты кітапханасын және объектіге бағытталған бағдарламалау ерекшеліктерін жақсы білу;
Django, FastAPI немесе Flask Python фреймворктерін пайдаланып backend-қосымшалар әзірлеу тәжірибесінің болуы;
Python-қосымшаларының тәуелділіктерін, виртуалды орталарын басқару және тестілеу құралдарын білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Серверлік логика мен API әзірлеу және сүйемелдеу дағдысы;
Серверлік қосымшалардың архитектурасын жобалау дағдысы;
SOLID қағидаттары мен жобалау үлгілерін тәжірибеде қолдану дағдысы;
Дерекқорлармен жұмыс істеу дағдысы: схемаларды жобалау, сұраныстар жазу және өнімділікті оңтайландыру;
Микросервистік шешімдерді құру және оларды инфрақұрылымға интеграциялау дағдысы;
Қосымшаларды контейнерлеу және оркестрацияны баптау дағдысы;
Автоматтандырылған тестілеу және орналастыру үшін CI/CD үдерістерін баптау дағдысы;
Хабарламалар брокерлерімен жұмыс істеу және тапсырмалар кезектерін құру дағдысы;
Тиімді, масштабталатын және сүйемелдеуге ыңғайлы код жазу дағдысы;
API мен архитектуралық шешімдерді құжаттау дағдысы;
Командада жұмыс істеу, code review жүргізу және әзірлеудің үздік тәжірибелерін енгізу дағдысы;
Django, FastAPI немесе Flask фреймворктерін пайдаланып Python тілінде backend-қосымшалар әзірлеу дағдысы;
asyncio және асинхронды кітапханаларды пайдаланып Python тілінде асинхронды бағдарламалауды қолдану дағдысы;
pytest және басқа тестілеу құралдарын пайдаланып Python-қосымшаларға модульдік және интеграциялық тесттер жазу дағдысы.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Веб-қосымшалардың серверлік бөлігін жобалайды және әзірлейді;
Жүйе модульдері мен клиенттік қосымшалар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған API әзірлейді және сүйемелдейді;
Django, FastAPI, Flask немесе басқа бейінді фреймворктерді пайдаланып Python тілінде backend-сервистер әзірлейді;
Python құралдары арқылы деректерді және фондық тапсырмаларды синхронды және асинхронды өңдеуді жүзеге асырады;
Python-қосымшалары үшін модульдік және интеграциялық тесттер әзірлейді;
Дерекқор құрылымын жобалайды, сұраныстар әзірлейді және өнімділікті арттыру үшін үдерістерді оңтайландырады;
Оқуға ыңғайлы, масштабталатын және сүйемелдеуге қолайлы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді;
Кодқа шолу жүргізеді және талдау нәтижелері негізінде жақсартулар енгізеді;
CI/CD үдерістерін қолдайды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жинау, тестілеу және жеткізуді автоматтандыруға қатысады;
Қосымшалардың серверлік бөлігін өнімдік және тестілік орталарда бақылайды және сүйемелдейді;
Оқиғаларды талдайды және серверлік бөліктің жұмысына байланысты қателерді жояды;
API, бағдарламалық код және архитектуралық шешімдер бойынша техникалық құжаттаманы жүргізеді.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр