Бухгалтерлік есеп бөлімі бухгалтері

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
241

   Конкурс туралы

Міндеттері

1. Контрагенттермен есеп айырысу

1.1. Жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша бастапқы құжаттаманы өңдеуді және бақылауды жүзеге асырады;

1.2. 1С ERP жүйесінде, ЭШФ АЖ-да және контрагенттердің веб-порталдарында өтінімдер бойынша актілер мен шоттарды қалыптастырады;

1.3. Дебиторлық берешек бойынша шоттарды жабуды жүзеге асырады;

1.4. Дебиторлық берешекті бақылайды;

1.5. Контрагенттермен салыстыру актілерін қалыптастырады және келіседі;

1.6. Контрагенттердің төлем тәртібін талдайды;

1.7. Есеп айырысуларды оңтайландыру бойынша талдамалық есептер мен ұсынымдар дайындайды, Мекеменің басқарушылық және қаржылық шешімдеріне әсер ететін деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді;

1.8. Мекеменің қаржылық болжамдарын қалыптастыруға қатысады;

1.9. СП көрсететін қызметтердің сапа деңгейін бақылайды;

1.10. Бухгалтерлік есеп процестерінің тиімділігін арттыру және автоматтандыру мақсатында өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды;

1.11. Құрылымдық бөлімшенің бюджетін дайындауға қатысады;

1.12. Контрагенттермен есеп айырысу бойынша өңделген және тиісті түрде рәсімделген бастапқы құжаттарды мұрағатқа өткізеді.

2. Штаттық қызметкерлерге есеп беруге берілетін қаражаттарды пайдалану процесі (аванстық есептер)

2.1. Бастапқы құжаттаманы қабылдауды, бақылауды және өңдеуді жүзеге асырады, операциялардың дұрыс көрсетілуіне талдау жүргізеді және олардың салықтық салдарын бағалайды;

2.2. Қызметкерден пайдаланылмаған есеп беруге берілген ақша қаражаттарын ұстап қалу үшін 1С ERP жүйесі арқылы тапсырманы іске қосады және қалыптастырады;

2.3. Қызметкерлердің есеп беруге берілген сомалар бойынша қаражаттарды аударуына арналған құжаттарды рәсімдейді;

2.4. Аванстық есептерді мүдделі тұлғалардың қол қоюы және бекітуі үшін рәсімдейді;

2.5. Қызметкерлерге есеп беруге берілген қаражат бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттардың, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерінің заңдылығын, уақтылылығын, толықтығын және дұрыс рәсімделуін бақылайды;

2.6. Ай сайын іссапар шығыстары бойынша есеп қалыптастырады және оны жалақы мен жеке тұлғалардың өзге де кірістерін есептеуге жауапты құрылымдық бөлімшеге Есеп айырысу-төлем ведомостерінде көрсету үшін ұсынады;

2.7. Есеп айырысу-төлем ведомостерінде іссапар шығыстарының дұрыс және толық көрсетілуін бақылайды;

2.8. Ай сайын іссапар шығыстары бойынша салықтық тіркелім қалыптастырады, ауытқулар мен сәйкессіздіктердің себептерін талдайды;

2.9. Өңделген және тиісті түрде рәсімделген құжаттарды мұрағатқа өткізеді.


Талаптар

Білімі:
Бухгалтерлік есеп, қаржы немесе экономика саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі:
Бухгалтерлік есеп саласында 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі.

Арнайы және бейінді білімдер:

  1. Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау және бағалау негіздерін білу;
  2. Бастапқы бухгалтерлік құжаттарды, оның ішінде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін, жүкқұжаттарды, сенімхаттарды, төлем шоттарын рәсімдеу қағидаларын білу;
  3. Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) қабылдау және жазып беру қағидаларын білу;
  4. Бастапқы қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды есепте көрсету қағидаларын білу;
  5. Есеп беруге берілген сомалар бойынша операциялардың салықтық салдарын талдау;
  6. Салықтық, қаржылық және операциялық тәуекелдерді анықтау және барынша азайту;
  7. Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерді мониторингтеу және олардың бухгалтерлік есепке әсерін бағалау;
  8. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында жасалған қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық конвенцияларды қолдану;
  9. Салықтық және қаржылық есептілікке байланысты салықтық тіркелімдерді дайындауға қатысу;
  10. Жеке тұлғалармен жасалатын операциялардың салықтық салдарын талдаудың практикалық дағдылары, есеп процестеріне әдіснамалық сүйемелдеу көрсету дағдылары;
  11. Microsoft Excel және Microsoft Word бағдарламаларын сенімді меңгеру;
  12. Есептік кестелерді, ақпаратты және қаржылық есептілікке арналған түсіндірмелерді дайындай білу;
  13. 200.00, 100.00, 300.00 нысандары бойынша салықтық есептілікті қалыптастыру үшін ақпарат жинау және ұсыну, бөлімшенің KPI көрсеткіштерімен жұмыс істей білу;
  14. Қаржылық талдау және болжау құралдарын меңгеру, дебиторлық берешектің Мекеменің қаржылық көрсеткіштеріне әсерін бағалай білу.

Негізгі дағдылар

  1. Контрагенттермен есеп айырысу және есеп беруге берілген сомалар бойынша ішкі регламенттер мен нұсқаулықтарды дайындау дағдылары;
  2. 1С:Кәсіпорын, 1С:ЖЗҚ, СЭД, 1С ERP, Bitrix, Idocs, Учет.ЭДО бағдарламаларында жұмыс істей білу;
  3. СОНО, салық төлеушінің кабинеті бағдарламаларында жұмыс істей білу;
  4. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) және салықтық әрі бухгалтерлік есеп саласындағы басқа да анықтамалық жүйелерде жұмыс істей білу;
  5. Бастапқы бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу;
  6. Өкілдік шығыстарды рәсімдеу;
  7. Аванстық есептерді рәсімдеу;
  8. Өзара есеп айырысулардың есебін жүргізу және салыстыру актілерін жасау.

Жұмыс жағдайлары

  • Бес күндік жұмыс аптасы;
  • Жұмыс күні 8 сағат: 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
  • Лауазымдық айлықақы, тоқсан қорытындысы бойынша сыйлықақылар, материалдық көмек;
  • Әлеуметтік пакет: фитнес/стоматология;
  • Еңбек демалысына шығар алдында сауықтыруға арналған төлемдер;
  • Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн;
  • Жайлы кеңсе: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10, «Samruk-Kazyna» БО;
  • Қызметкерлерді тасымалдау қызметі (развозка).

Қажетті қабілеттер

  • Idocs
  • • Практические навыки работы в СОНО, ЕССО, банк-клиент
  • Знание 1-С Предприятие 8.2 и различных конфигураций включая бухгалтерию
  • 1 c erp
  • Учет эдо
  • - 1С:ЗУП

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)