Ғимараттар мен құрылыстардың мониторингісі бөлімінің бастығы
594 089 - 614 089 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Ғимараттар мен құрылыстарды мониторингтеу бөлімі бастығының лауазымдық нұсқаулығына сәйкес.
1) Өндірістік объектілерді күрделі құрылыс және реконструкциялау бойынша орындалатын жұмыстарға мониторинг жүргізу.
2) Күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.
3) Қаражатты бірінші кезекте кәсіпорынды техникалық қайта қаруландыруға және реконструкциялауға бағыттау, оларды іске қосылатын объектілерге шоғырландыру, аяқталмаған құрылыс көлемін азайту арқылы күрделі жұмсалымдарды жүзеге асыру үшін қаржы қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын және олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
4) ISO 9001 Сапа менеджменті жүйесін, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 Денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйелерін енгізу және жетілдіру жұмыстарына жетекшілік ету.
5) Бөлімшеде энергия менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін, энергия тұтынуды талдауды, кәсіпорынның мақсаттарын ескере отырып бөлімшеде энергия тұтынуды азайту бойынша мақсаттарды белгілеуді, мақсаттарға жету бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу мен орындауды, энергия тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру.
6) Жобалау және құрылыс ұйымдарының шартық міндеттемелерді орындауын қадағалау.
7) Күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастыру.
8) Жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техника қауіпсіздігі нормаларына, еңбекті тиімді ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асыру.
9) Объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асыру.
10) Құрылыста еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-барлау жұмыстарын жақсарту және арзандату бойынша жұмысқа басшылық ету.
11) Құрылыс құнын арзандататын және мерзімін қысқартатын, күрделі жұмсалымдардың өтелуін жеделдететін (конструкциялардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) рационализаторлық ұсыныстардың енгізілуіне ықпал ету.
12) Орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі, сапасы, мерзімділігі мен ұзақтығы бойынша есебін жүргізу, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау.
13) Бөлімнің материалдарға және жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілігін бақылауды жүзеге асыру.
14) Бөлімнің және жалпы станцияның жылдық бюджетін әзірлеуге қатысу.
15) Бөлімнің алдында тұрған өндірістік міндеттерді орындауға бағытталған персоналмен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
16) Құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым озық технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу мәселелерін шешуге қатысу.
17) Сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу шеңберінде ҚО-ға бастапқы деректерді және сараптамалық түсініктемелерді/ұсыныстарды ұсын.
ТАЛАПТАР:
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, құрылыста басқаруды ұйымдастыру, гидротехникалық құрылыс). Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): Кадр резервінде тұрған жұмыскерлерді немесе Серіктестікте кемінде 3 жыл жұмыс істеген жұмыскерлерді (орнын басуға ішкі кандидаттарды) қоспағанда, қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
Жабдықтарды баптау және сынақтау қызметінің жабдықтарды баптау және сынақтау жөніндегі 1-санатты инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
19.08.2026 | 1
379 892 - 399 892 KZT
Ғимараттар мен құрылыстардың мониторингісі бөлімінің 1-санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
19.08.2026 | 12
379 892 - 399 892 KZT
Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас менеджері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
19.08.2026 | 19
594 089 - 614 089 KZT