Энергетика тобының жетекші инженері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
244

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • АЭС объектілерінде заманауи жылутехника шешімдерін, жылумен жабдықтау жүйелерін енгізу бойынша жобалау алдындағы және жобалық құжаттамаға арналған бастапқы деректерді дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Жылуэнергетикалық қондырғылар бөлігінде техникалық шешімдерді біріздендіру арқылы Қауымдастықтың техникалық саясатын айқындайды, бұл жылуэнергетика объектілерінің сенімділігін, энергия тиімділігін және экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді;
  • Энергетика тобының ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады, оның ішінде АЭС-ті салу және кейіннен пайдалану бөлігінде;
  • Жылумен жабдықтау схемалары және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша жобалық шешімдерді мүдделі ұйымдармен бірлесіп қарайды;
  • Жылуэнергетика объектілерін жылумен жабдықтау жүйелеріне және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу жөніндегі жұмысқа қатысады, кейіннен жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарында техникалық талаптар мен шарттардың барлық тармақтарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Жылумен жабдықтау жүйелері және жылутехника жабдығы бөлігінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған тапсырмаларға ұсыныстар дайындауға қатысады;
  • Энергетика тобының жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жылутехника жабдығын монтаждау, іске қосу (наладка) және пайдалану сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкестігіне қадағалау жүргізеді;
  • Лауазымдық міндеттерінің бейіні бойынша есепке алу және есептілік жүргізу жұмысын ұйымдастырады;
  • Қауымдастықтың бөлімшелерімен бірлесіп, энергетика тобының қызмет бейініне сәйкес ҚР заңнамасын әзірлеу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
  • Қызмет бейіні бойынша тікелей басшының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Жылуэнергетика бағыты бойынша жоғары кәсіби білім және/немесе инженерия және инженерлік іс (жылуэнергетика).
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы семинар/курстарды аяқтау туралы сертификаттың болуы [қажет/артықшылық] (қалауыңызша).
  • Жылуэнергетика саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Тәжірибе:

- жылу энергетикасы жабдығы мен жүйелерін пайдалану тәжірибесі (турбиналық қондырғылар, жылу желілері);

- инженер-жылуэнергетик ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

- жылутехника жабдығымен және жылумен жабдықтау жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (жылу желілері үшін нормативтік мәндерден жоғары қысым және температурасы бар объектілерді қоса алғанда) кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)