Маркетолог

«КТ-Телеком» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
149

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның маркетингтік және бренд-стратегиясын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
  • Қоғамның бренд-платформасын, құндылықтарын, позициялауын, визуалды сәйкестендірілуін және бренд архитектурасын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
  • Қоғамның маркетингтік және жарнамалық материалдарында фирмалық стиль стандарттары мен брендбук талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Маркетингтік зерттеулер жүргізуді, нарық конъюнктурасын, тұтынушылардың қалауларын және бәсекелестік ортаны талдауды ұйымдастыру;
  • Қоғамның жарнамалық және маркетингтік науқандарын әзірлеу және іске асыру;
  • Департаменттің маркетингтік іс-шаралары бюджетінің қалыптастырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Жарнамалық-полиграфиялық және промо-өнімдерді (POS-материалдар, буклеттер, каталогтар және өзге де материалдар) әзірлеуді, өндіруді және таратуды ұйымдастыру;
  • Корпоративтік кәдесыйлар мен брендтелген өнімдерді әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;
  • Жарнамалық және маркетингтік науқандардың тиімділігін талдауды, есептілікті және олардың нәтижелілігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыру;
  • Жарнамалық, креативті, digital және өндірістік агенттіктермен, сондай-ақ маркетингтік қызметтерді көрсететін өзге де өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қоғамның өнімдері мен қызметтерінің маркетингтік позициялануын пысықтауға, оның ішінде баға және өнім саясаты бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
  • Маркетингтік іс-шараларды (өнімдер мен қызметтердің таныстырылымдары, көрмелер, серіктестік және промоакциялар) ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • Департаменттің маркетингтік қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің мониторингін жүзеге асыру;
  • Қоғам басшылығына маркетинг мәселелері бойынша талдамалық материалдарды дайындауға қатысу.

Талаптар:

  • Маркетинг, экономика, менеджмент, заңтану, жарнама саласында жоғары білімінің болуы не қызмет бейініне сәйкес келетін өзге де жоғары білім;
  • Маркетинг, брендинг, жарнама, сату немесе сабақтас бағыттар саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі;
  • Шетелдік маркетингтік қызметтерді жеткізушілермен және бейінді материалдармен жұмыс істеуге жеткілікті деңгейде ағылшын тілін білу;
  • Бюджеттеу және маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін бағалау қағидаттарын білу;
  • Маркетингтік зерттеулер жүргізу және бәсекелестік ортаны талдау әдістерін білу;
  • Маркетинг, брендинг және стратегиялық жоспарлау негіздерін, оның ішінде сегменттеу, позициялау және нарықты талдау әдістерін білу;
  • SEO/SEM және контент-маркетингті білу.

Жұмыс шарттары:

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 4 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақытылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн.

Қажетті қабілеттер

  • - Ответственность
  • - Коммуникабельность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)