Орталық қойманың 2-разрядты тиеуші жүргізушісі

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
1312

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Орталық қойма аумағында әртүрлі тауар түрлерін тиеу-түсіру жұмыстарын орындау, тасымалдау және орналастыру кезінде тиегішті (погрузчикті) басқару;
  • Тиегіштің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету және еңбек қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау;
  • Жұмыс басталар алдында тиегіштің техникалық жай-күйін тексеру, күнделікті қарауды жүргізу және ықтимал ақауларды анықтау;
  • Анықталған ақаулар және техниканы жөндеу қажеттілігі туралы тікелей басшыға уақытылы хабарлау;
  • Белгіленген нормалар мен сақтау сызбаларына сәйкес жүктерді дұрыс орналастыруға, штабельдеуге және қоймалауына қатысу;
  • Жүк тиегішті қоймашы/қойма мамандарының нұсқауларына және технологиялық процестердің талаптарына сәйкес тасымалдау;
  • Сеніп тапсырылған жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде олардың бүлінуінің алдын алу;
  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, Орталық қойманың регламенттерін және техника қозғалысының белгіленген маршруттарын сақтау;
  • Тиегішті пайдалануына байланысты қажетті құжаттаманы жүргізу (журналға белгі қою, жөндеуге өтінімдерді ресімдеу және т. б.);
  • Орталық қойма қызметі шеңберінде жиналыстарға, нұсқамаларға және біліктілікті арттыру іс-шараларына қатысу;
  • Оған тікелей басшы және Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен жүктелген, оның құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім
  • Жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
  • Жұмыс өтілі кәсіптік салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жыл

Шарттар:
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Жүк тиегіштерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелері, оның ішінде жүк көтергіш техниканы қауіпсіз басқару талаптары;
  • Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәртібі және олардың сипаттамаларын ескере отырып әртүрлі жүктерді тасымалдау;
  • Жүк тиегіштің құрылымының негіздері, негізгі механизмдердің жұмыс істеу қағидаттары және ақауларды анықтау ережелері;
  • Қоймаларда және жүк көтергіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптары;
  • Ішкі еңбек тәртібі ережелері және Орталық қойманың регламенттері, олар тиеу-түсіру процестерін ұйымдастыруға әсер етеді;
  • Жүктерді қоймалау, орналастыру және бекіту ережелері, сондай-ақ материалдық құндылықтардың сақталуына қойылатын талаптар;

Қажетті қабілеттер

  • вождение автоспецтехники
  • Внимательность. ответственность
  • дисциплинированность и оперативность в экстренных ситуациях.