"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Релелік қорғау және электр автоматикасы қызметінің Релелік қорғау және электр автоматикасы құрылғыларын пайдалану тобының инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1739

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Білім бейіні

Электр энергетикасы

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·                    РҚА, аварияға қарсы автоматика (бұдан әрі – АА) құрылғыларын тексеру бойынша жұмыс дағдыларына ие болуы тиіс.

·                   Станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, РҚА АА құрылғыларына қызмет көрсету бойынша басшылық нұсқауларды өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуге міндетті;

·        Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау);

·        Нормативтік құқықтық және өзге де құжаттардың талаптарын енгізу дағдылары;

·        Іскерлік хат алмасу дағдылары;

·        Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу.

 

Лицензиялар, сертификаттар

·                   Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

·                   MS office, Excel тәжірибелі пайдаланушысы;

·                   Қазақ, орыс тілдерін білу.

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  1. РҚА және АА пайдалану бойынша РҚжЭ ӨТ АЭТ барлық көрсеткіштері бойынша жоспарлар мен кестелердің орындалуына техникалық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
  2. Директивалық нұсқауларды, апатқа қарсы циркулярларды және филиалдың РҚжЭҚ мен ЖО ҰДО РҚжЭҚ-мен белгіленген ақпараттық хабарламаларды тағайындамадан есепке алады;
  3. Қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалық нұсқаулықтардың, апатқа қарсы циркулярлардың және ЖО ҰДО РҚжЭҚ мен РҚжЭҚ берген ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған барлық қосылыстардың РҚжЭ және АА жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
  4. Филиалдың қосалқы станцияларында РҚжЭ және АА бойынша техникалық құжаттаманың болуын, жай-күйін және өзектілігін бақылайды;
  5. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ, АА құрылғыларында жұмыс жүргізудің үлгілік бағдарламаларының есебін жүргізеді, мерзімділігі кемінде үш жылда бір рет уақытылы қайта қарауға және кейіннен бекітуге бақылау жасайды;
  6. Энергоинформ АҚ персоналы қызмет көрсететін ЖЖ байланыс аппаратурасының дабылына, жедел жазбаларына және оқиғалар журналына сүйене отырып, филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуына талдау жүргізеді, АА-ның іске қосылуы туралы ақпаратты мұрағаттайды. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған барлық жұмыс жағдайларына, релелік қорғау пен автоматиканың, апатқа қарсы автоматиканың істен шығуына талдау жүргізеді;
  7. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ және АА құрылғыларының атқарушылық құжаттамасын уақытылы өзектендіруді жүргізеді және кейіннен қосалқы станцияда және ҚСРҚжД-ға өзектендірілген құжаттаманы ұсыну үшін дайындайды;
  8. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ және АА құрылғыларына профилактикалық жоспарлы техникалық қызмет көрсетудің уақтылылығын бақылайды және бекітілген кестелерге сәйкес нәтижелерін тиісті паспорттарда хаттамаларда тіркей отырып, жұмыстарды жүргізуге қатысады;
  9. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ, АА құрылғыларында жұмыс жүргізудің жұмыс бағдарламаларын жасайды;
  10. РҚжЭ және АА құрылғыларына техникалық қызмет көрсетудің көпжылдық, жыл сайынғы, айлық жоспар-кестелерін жасайды, кейіннен ҚСРҚжД, ЖО ҰДО РҚжЭҚ келісу үшін ұсынуға дайындайды;
  11. Филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ және АА құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейін бақылайды;
  12. Тиісті паспорттардағы филиалдың қосалқы станцияларында орнатылған РҚжЭ, АА құрылғыларымен жүргізілетін барлық жұмыстардың нәтижелерінің хаттамаларында тіркелуін бақылайды;
  13. Техникалық ақпаратты зерделейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістері бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  14. Филиалдың ҚС тұтынушыларын қосуға арналған РҚА бөлігіндегі техникалық шарттарды қарастырады, ұсынымдар дайындайды;
  15. Жобалау ұйымдары орындаған РҚА және АА жобаларын қарайды. Анықталған ескертулердің жойылуын бақылауды жүзеге асырады.
  16. РҚА персоналының орналастырылуын бақылайды, PSD коммутациялық сәтті басқару құрылғыларынан ай сайын алынатын осциллограммаларды директорияда орналасқан мекенжай бойынша талдайды және мұрағаттайды: (\\Astorion\18 PSD\Осциллограммы PSD\Наименование ПС\Присоединение);
  17. РҚА персоналының орналастырылуын бақылайды, РҚжЭ персоналы орналастырған әрбір коммутациялық операциядан кейін PSD коммутациялық сәтті басқару құрылғыларынан осциллограммаларды талдау және мұрағаттауды мына мекенжай бойынша жүргізеді (\\Astorion\18 PSD\Осциллограммы PSD\Наименование ПС\Присоединение\Коммутационная операция (ВКЛ или ОТКЛ));
  18. Филиалдың ҚС жабдығының апаттық ажыратылуы кезінде РҚА персоналының орналастырылуын бақылайды, директорияда орналастырылған апаттар журналдары мен оқиғалар журналына талдау және мұрағаттау жүргізеді (\\Astorion\общая\СРЗиЭ\14Аварийные отключения \ПС \Класс напряжения\год\месяц\диспетчерское наименование присоединения и дата\журнал аварий или журнал событий\имя файла по следующей форме (диспетчерское наименование присоединения_дата_время)), конфигурационных файлов (.dex) с устройств РЗиЭ отключившегося присоединения и размещенных их по адресу (\\Astorion\общая\СРЗиЭ\14Аварийные  отключения \ПС \Класс напряжения\год\месяц\диспетчерское наименование присоединения и дата\DEX\файл .dex));
  19. Бюджетті қалыптастыру кезеңінде РҚжЭҚ маркасын, өндірушісін және түрін көрсете отырып, РҚжЭ, АА құрылғыларын пайдалану процесінде қажетті құралдармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету бөлігінде филиалдың РҚжЭҚ ҚС персоналының негізделген ұсыныстарды ұсынуын бақылайды;
  20. РҚА және АА бойынша филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен, «KEGOC» АҚ АД құрылымдық бөлімшелерімен, ЖО ҰДО РҚжЭ қызметімен және өзге ұйымдармен қызметтік хат алмасу құжаттарын дайындайды;
  21. РҚжЭ және АА құрылғыларын пайдалануға арналған материалдар қажеттілігінің ведомосін жасау, филиалдың ҚС-да орнатылған РҚжЭ құрылғыларын жөндеу, РҚжЭ құрылғыларын пайдалану процесінде қажетті құралдармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, филиалдың РҚжЭ персоналының ҚС бөлігінде РҚжЭ бюджетін қалыптастырады. SAP ERP бағдарламалық кешеніне РҚжЭҚ Бюджеті бойынша келісілген деректерді енгізеді;
  22. SAP бағдарламалық кешенінде ТҚЖҚ өтінімдерін жасау және оларды кейіннен жабу, материалдарды есептен шығару, ақаулы жабдықты жөндеуге материалдарды дайындайды;
  23. Кейіннен РҚжЭҚ бастығына техникалық-экономикалық негіздеме жасай отырып, филиалдың инвестициялық бағдарламасын қалыптастыру жөнінде негізделген ұсыныстар береді. РҚ және Э, АА бөлігінде филиалдың басқа қызметтері мен бөлімдері ұсынған ЖСҚ әзірлеу және ҚМЖ орындау үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді қарайды;
  24. Филиалдың ҚС РҚА персоналы қалыптастыратын ақаулы актілердің жобаларына тексеру жүргізеді, кейіннен келісу үшін РҚжЭҚ бастығына ұсынады;
  25. Жыл сайын қызметтің жылдық есебі үшін ақпарат дайындайды: РҚжЭ құрылғыларының функцияларының саны, РҚжЭ құрылғыларының саны, РҚжЭ және АА құрылғыларының ақауларының тізімі; РҚжЭ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету кестесінің орындалуы туралы есеп, филиалдағы ҚС-да орнатылған РҚжЭ және АА құрылғыларының жұмысын талдайды;
  26. РҚжЭҚ техникалық жарақтандырудың сақталуы мен жарамдылығын бақылайды;
  27. Тоқсан сайын «KEGOC» АҚ ҚСРҚжД-ға РҚжЭ және МжБЖ орталықтандырылған апаттық қоры бойынша есеп қалыптастырады және ұсынады, сонымен қатар жылына кемінде 2 рет орталықтандырылған апаттық резервтегі жабдықтың жай-күйін тексереді;

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)