Экономика және тариф құру бөлімінің маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық жоспарлаудың жұмысын қамтамасыз ету, өндірістік резервтерді анықтау және пайдалану арқылы жұмыстың ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу.
- Шығындардың жоспарлы нормативтерін (материалдық, қаржылық, еңбек), кірістер мен шығыстар бюджеттерін және тарифтік сметаны әзірлеуге қатысу. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамау ауытқуларының және бюджет шығыстарының эксплуатациялық шығындар баптары бойынша артық жұмсалу себептерін, тарифтік сметаны талдау.
- Жетекшілік шешімі қабылданған және қаражаттың жұмсалуын негіздеу (түзету) болған жағдайда бюджетке, тарифтік сметаға түзетулер енгізу. Бюджеттің, тарифтік сметаның орындалуы бойынша есептілікті құрастыру және ұсыну (ай сайын, тоқсан сайын). Бекітілген әдістеме бойынша есептеулерді жүзеге асырады, бюджет бөлімдері мен баптары бойынша бюджет пен тарифтік сметаны келісу және өзара байланыстыруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті негіздеме ұсынады. Компанияның стратегиясын әзірлеуге қатысу, оның шаруашылық қызметі мен басқару жүйесін нарықтың өзгермелі жағдайларындағы сыртқы және ішкі экономикалық шарттарға бейімдеу мақсатында.
- Қызметтің барлық түрлері бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу және күрделі салымдарды, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, шығындарды төмендету, рентабельділікті арттыру, пайданы көбейту, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Бөлімшелердің жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ АстПФ жұмысының барлық өндірістік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық есеп жүргізу, белгіленген мерзімдерде кезеңдік есептілікті дайындау, статистикалық материалдарды жүйелеу.
Талаптар:
- Жоғары білім – экономикалық және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Экономика және тариф белгілеу бөлімінің бас маманы орындалатын жұмыстар көлемінде келесі құжаттарды білуі және өз қызметінде басшылыққа алуы тиіс: - Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері; - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - ISO 9000, ISO 9001, OHSAS 18001, ISO 14001, ISO 31000 халықаралық стандарттарының талаптары.
- Экономика және тариф белгілеу бөлімінің бас маманы орындалатын жұмыстар көлемінде келесі практикалық дағдыларға ие болуы тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу; бизнес-жоспарларды әзірлеу;
- ұйымның экономикалық стандарттары мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу; статистикалық есепті ұйымдастыру, жоспарлы-есептік құжаттама, есептілікті құрастыру мерзімдері мен тәртібі; жедел және статистикалық есепті ұйымдастыру; өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін қолдану; калькуляциялар әзірлеу, материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек бағаларды әзірлеу;
- жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; мемлекеттік тілді меңгеру; ұйымдастыру техникасының құралдарымен жұмыс істеу; кеңсе бағдарламалары пакетін пайдалану және қолдану (IBM Lotus Notes, Microsoft Outlook «1С Предприятие», Excel, Word), өзге де заманауи техникалық байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану.
Шарттар:
- Жұмыс күні 08:30-ден 18:00-ге дейін, түскі асқа үзіліспен (1,5 сағат), жыл сайынғы еңбек демалысы және т.б.
Қажетті қабілеттер
- - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении;
- - Выполнение работы в соответствии с требованиями и инструкциями.
- Адаптивность и быстрая обучаемость
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Семізбай кенішінің инженер-экономисті (уақытша)
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 333
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы экономика департаментінің кірістерді жоспарлау жөніндегі бас менеджері (16 грейд)
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 260
от 561 449
Бухгалтерлік есеп және экономикалық жоспарлау департаментінің бас менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.08.2026 | 859