Интернет эквайринг бөлімінің менеджері
«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жобаларды және процестерді басқару:
1. АКТ және бизнес-жобаларды бастамашылықтан бастап релиз бен қолдау көрсетуге дейінгі толық өмірлік циклін басқару.
2. Күнтізбелік жоспарларды, жобалардың жол карталарын (Roadmaps) және желілік графиктерін қалыптастыру, бақылау және өзектендіру.
3. Тұрақты статус-кездесулерді ұйымдастыру және өткізу, командалық талқылауларды (Daily, Planning, Retrospective) фасилитациялау.
4. Тәуекелдерді басқару: сәйкестендіру, әсерін бағалау, тәуекелдерді азайту жоспарларын әзірлеу және инциденттерге жедел әрекет ету.
5. Дедлайндардың, жоба шеңберінің (Scope) сақталуын мониторингтеу және талаптардағы өзгерістерді басқару.
Өзара іс-қимыл және коммуникация:
1. Кросс-функционалды командалар (әзірлеу, маркетинг, аналитика, дизайн, сату) арасында тиімді коммуникация орнату.
2. Ішкі және сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жобалардың мәртебесі мен нәтижелерін басшылыққа жеткізу.
3. Команда ішіндегі және әртүрлі департаменттердің мүдделер тоғысындағы қақтығыстарды реттеу.
Аналитика және әдіснама:
1. Талаптарды жобалық тапсырмаларға (Backlog) айналдыру үшін оларды жинау, талдау және құрылымдау.
2. Жобалық, әдіснамалық және регламенттеуші құжаттаманы әзірлеу.
3. Негізгі метрикалар (KPI, ROI, бюджет пен мерзімдердің сақталуы) негізінде жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау.
Стратегия және өнімді дамыту:
1. E-commerce платформасын дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
2. Электрондық коммерция саласында тұрақты маркетингтік зерттеулер, бенчмаркинг, бәсекелестер мен трендтерді талдау жұмыстарын жүргізу.
3. Негізгі бизнес-мөлшерлерді (GMV, AOV, Conversion Rate, CR, LTV) өсіру үшін платформа функционалының даму басымдықтарын айқындау.
Бизнес-талдау және өнімдік жұмыс:
• Бизнес пен клиенттердің қажеттіліктерін өнімдік АКТ-командасына арналған техникалық тапсырмаларға (ТТ) айналдыру.
Операцияларды және интеграцияларды басқару:
• E-com платформасын сабақтас жүйелермен: CRM, ERP (SAP, Colvir), төлем шлюздерімен, логистикалық сервистермен интеграциялау.
Талаптар:
- Профиль бойынша жоғары және/немесе орта арнаулы білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе гуманитарлық ғылымдар және/немесе құқық.
- Ақпараттық технологиялар саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
-
5/2, 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін